17
апрель
2022
Шу қаласында үстел теннисінен республикалық турнир
Іс-шараға Информация және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысып, өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілік рухын қалыптастыру мен нығайтудың, оның ішінде дене шынықтыру және спортқа баулудың маңыздылығына тоқталды. Мұндай іс-шараларды жүзеге асыру үшін мемлекет, бизнес және қоғамдық сектор синергиясының қажеттігі ерекше аталды.
Спорт жарыстарында Қазақстанның әр өңірінен келген 150-ден астам балалар мен жасөспірімдер өз шеберліктерін көрсетті, жеңімпаздарға медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтар табысталды.