21
май
2022
Жиналыс ата-аналар
Бүгін 21мамыр күні Жамбыл атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директоры У. А. Оспанова 2021-2022 оқу жылының жылдық есебімен бастады. Мектеп басшысы өз есебінде жыл бойынша халықаралық, республикалық, облыстық,аудандық жетістіктері бар білім алушылардың ата-аналарына алғыс білдірді.
Жиналысқа әр сыныптың ата-аналары, қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. 2021-2022 оқу жылының аяқталуы
2. Жазғы мектептің ұйымдастырылуы бойынша .
3. 2022-2023 оқу жылына арналған міндетті мектеп формасының жобасы
4. Жазғы мезгілдегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы.