«Нашақорлық ғасыр дерті» » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
шу ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ноябрь
2023

«Нашақорлық ғасыр дерті»

Жамбыл атындағы орта мектебінің 8«а»сынып жетекшісі  Найзабеков Гүлдана «Нашақорлық ғасыр дерті» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, тәрбиелі де саналы, білімді, дені сау, қайратты, елін, жерін қорғайтын, ата-ананы, үлкенді-кішіні сыйлай білетін нағыз ұлтжанды азамат болуға баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
 Нашақорлыққа  көбінесе,жасөспірімдер  шалдығады,алайда  осы  кезде  ересектер  арасында  да  есірткінің  зиянын  шегіп  жүрген  адамдар  көбейіп  барады.Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық  жазасыз  болмайды.Нашақор  ата-анасы  ауқатты  жасөспірімдерді   есірткіні  әуестендіруге, соның  арқасында  өзінің  «қамын» ойлауды  мақсат  етеді.Нашақордың  жасөспірімдер  тобына  қосылуының  себебі  де  сол.Ол  алдымен  наша  шегуді  немесе  ес   ауыстыратын  дәрі  ішуді  ұсынады, еліктегіш  жастар  дәм  тата  бастайды.Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға, есірткінің  құлына  айналады.Есірткіні  түнгі  клубтарда би  алаңдарында, тіпті   мектептерде  де  сатып  алуға  болады.
 Бұрын  жасөспірімдер  анаша, марихуана  шегіп, әр  түрлі  желімдер  иіскейтін  болса,қазір  героин,какоин, синтетикалық   есірткілерді  қолданады.Ал  синтетикалық  есірткінің  ерекшелігі  сол, бір  дәмін  татқаннан  кейін  есі  ауады  да  тұрады.Бір  пайдалансаң  жайын  жай  табады, керемет  күйге  түсесің  деп  алдайды.Аз  уақытқа  болса  да  ләззат  алғанына  мәз  болам  деп, нашақор  санатына  қосылғанын  білмей  қалады.  
            Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
            Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқанда 30-жасқа  жетер  жетпес  өмір  сүреді  бұлай дейтін  себебіміз, бұл  жаман  нәрсеге  адамдар  ақылға  салмастан, желігіп  еліктейді  де артынан  өзіне  қиын  болатынын  білмей  де  қалады.