Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы. Хаттама №1 » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
шу ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы. Хаттама №1
21
сентябрь
2022

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы. Хаттама №1

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы.
                                                          Хаттама №1
Қатысушылар:  Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімдер ұжымы.
                               Саны: 35 
Өтілген уақыты:         31 тамыз 2022-23 оқу жылы.
Күн тәртібінде 
1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережесін түсіндіру.
Кеңес төрайымы : Иманбекова Сандуғаш
2. Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті.
Кеңес мүшесі: Абдильдаева Ботагөз
3.Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті.
Кеңес мүшесі: Туғанбаева Айгүлсін
Тыңдалды:
Бірінші мәселе  бойынша әдеп кеңес төрайымы  Иманбекова Сандуғаш: 
Қайырлы күн бүгінгі педагогикалық әдеп кеңесінің отырысына қатысушылар. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 12 мамырда №20619 болып тіркелді. 
Педагогикалық әдеп  жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын  алқалы орган болып табылады. 
Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына осы Қағидаларға, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және обьективтілік пен  әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады. 
Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады: білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды немесе қолданбауды ұсыну, тәртіптік істі тоқтату.
Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Абильдаева Ботакөз:
   Педагог өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек.Әр балаға жол сілтеп,оның бойына жақсы қасиеттерді сіңіретін бірден бір жан болса, ол-ұстаз. «шәкірттің жақсы болмағы-ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай,қолынан келгенінің бәрін үйретіп,бағыт-бағдар беріп,сыртқы келбетімен,киім үлгісімен,өзін-өзі ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс.Себебі балалар педагогтің біліміне ғана емес,жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп,тәлім алады.түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн.Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі.Педагогтің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс.
Педагог мамандығына сай талғаммен киініп,ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып,ішкі жан дүниесінің көркемдігімен,шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек.Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз.
Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай,өскелең ұрпақтың өзіне қарап бой түзеуіне,тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.
Ұстаз –мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кездеде,қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстағаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиміс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс.Қазір әлеуметтік желіде көріп жүрсіздер,бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады.Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн.Әр мәселені көтерген кезде де,өз пікіріңді білдірген кезде де,әдептен озбай сөйлеу керек.Педагог өзінің кәсіби назарындағы обьектілер болып табылатын оқушының,ата-ананың,адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді,олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі.Ол баланың дамуын шынымен қалап,оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп,білім алушының жетістігін(жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту қажет
Үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Туғанбаева Айгүлсін: 
    Ұстаз ата-аналармен,балалармен және әріптестермен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндетті.
Чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып,мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті.Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді.
Ұстаз этикасы-педагог пен бала,ата-ана мен педагог арасындағы қарым- қатынас. Педагогикалық этика-ұжым ішінде,педагогтер арасында басталып,өзінің заңды жалғасын топтарда табуы тиіс. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан,оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс.Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін.Мысалы педагог этикасы мектепке дейінгі ұйымдарды,мектептерді,орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады.
Кеңес шешімі:
        1. Педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі бұзбау, назарда ұсталынсын.
2.Педагогтің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті назарға алынсын.
3.Педагогтермен педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау туралы жұмыстар жүргізілсін.
Кеңес төрайымы:
Иманбекова С.О.
Кеңес хатшысы:
Боранбаева Т.Ы.













1Кайрат Омаров