Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Булим

Автор: admin от 16-05-2017, 01:30, посмотрело: 181

0 Скачать 05-05-2017_08-17-40.zip [3,17 Mb] (cкачиваний: 2)

Категория: Мұғалімдер

 

Білім шуағы

Автор: admin от 10-05-2017, 04:12, посмотрело: 241

0

Категория: Мұғалімдер

 

Мұғалімдер Педагогикалық ұжым туралы ақпарат

Автор: admin от 31-10-2016, 03:14, посмотрело: 215

0 Мұғалімдер Педагогикалық ұжым туралы ақпарат
Жалпы педагог саны: 50
Үздік педагог:
Оның ішінде санаты:
1 санатты: 18
2 санатты: 12
3 санатты: -
жоғарғы санатты : 14
санаты жоқ мұғалімдер саны: 6
Жоғарғы білімді: 45
Орта арнаулы білімді: 5

Категория: Мұғалімдер

 

Thinking about the Past

Автор: admin от 31-10-2016, 03:13, посмотрело: 194

0 №5 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Thinking about the Past
Сабақтың мақсаты: Past Simple шағын енгізу, оның
қолданулуын үйрету
Бос уақытын дұрыс пайдалануына
үйрету
Есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақ типі: Аралас
Көрнекілігі: грамматикалық таблица
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру
А) амандасу
Б) жоқтарды белгелеу
II. Үй жұмысын тексеру
Exercise 6
III.Oқушылардың білімін жан-жақты тексеру
Exercise 7 сұрақ-жауап жұмысы
1. What are the popular buildings?
2. What is the name of its river?
3. What is it famous for?
4. What problems does it have?
IV. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.
Our theme in our lesson is “ Thinking about the Past”
V.Жаңа сабақ.
Past Simple шағын енгізу
Exercise 4 . Read the text and pick up the verbs in the Past Simple.
Anna was born in 1927 in the country near Bristol. She live there with her family. Her husband died when she was 60. After her husband's death she started traveling around Europe. She started writing a book about her life. When her grandchildren were little she looked after them. Before she moved to Bath s often visited her son.
Exercise 5 Complete the chart
Present Simple Past Simple
Is was
Lives lived
VI.Пысықтау
Exercise 6 Listen and practice
[t] [d] [id]
looked lived started
worked died visited
Exercise 7 Put the verbs in the correct columns.
visited looked moved died
started died liked retired
finished count lived cleaned
answered watched stayed want




VII.Бекіту
Exercise 8 Read the text. Complete the gaps with the Past Simple form of the verbs in the box.
Love retire die start look
VIII. Үйге тапсырма
Exercise 2

Категория: Мұғалімдер

 

Сөйлем. Сөйлемнің түрлері.

Автор: admin от 31-10-2016, 03:11, посмотрело: 332

0
8-сынып. Қазақ тілі
Синтаксис. Сөйлем. Сөйлемнің түрлері.
Оқу парағы

Мақсаты: Сөйлемнің жасалу жолы, өзіндік ерекшелігі туралы білу; сөйлем түрлерін ажырата алу; сөйлем түрлерін орнымен жұмсай алу;
Ескерту: Тапсырмаларды жүйелі түрде орында. Рейтинг парағын толтыруды ұмытпа. Сұрақтарды жауапсыз қалдырма, туындаған сұрақтарды жиекке белгілеп отыр. Бір-біріңді тексергенде әділ бол, жауапкершілікпен орында. Ол өзіңе де, тексерген оқушыға да қолайлы.
Сәттілік тілеймін!
Тапсырма. І деңгей.
1. Сөйлем дегеніміз не? 20-бет. 5 ұпай
2. Сөйлемнің сөз тіркесінен айырмасы неде? 20-21-бет. 10 ұпай
3. Бастауыш-баяндауыштық құрылымның санына қарай сөйлем қалай бөлінеді? 21-бет 5 ұпай
4. Сөйлемнің айтылу мақсаты мен сазына қарай бөлінуі. 24-25-бет 8 ұпай
5. Хабарлы сөйлем. Хабарлы сөйлемнің жасалуы, өзіндік ерекшелігі. 26-бет. 10 ұпай
6. Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлемнің жасалуы, өзіндік ерекшелігі. 30-32-бет. 10 ұпай
7. Лепті сөйлем. Лепті сөйлемнің жасалуы, өзіндік ерекшелігі. 37-38-бет 10 ұпай
8. Бұйрықты сөйлем. Бұйрықты сөйлемнің жасалуы, өзіндік ерекшелігі.41-42-бет 10 ұпай
9. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөйлем түрлері. 47-48-бет. 8 ұпай
Тексеруден өт.
І. 21-бет. Тапсырма Сөйлем болудың шарттарын өзің ережеден тауып жаз.
1.
2.
3.
4.
ІІ. 21-бет. 9-жаттығу. Бұлар сөйлемге жата ма, жатпай ма? Себебін түсіндір. Тапсырманы ауызша орында.
ІІІ. 27-бет. 16-жаттығу (ауызша)
ІҮ. 28-бет. 17-жаттығу.
Ү. 35-бет. 22-жаттығу. (ауызша)
ҮІ. 40-бет. 27-жаттығу. Үлгі бойынша орында.
ҮІІ. 46-бет. 33-жаттығу. Сөйлемдердің қайсысы хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты екенін ажыратып бөліп жаз.

ІІ деңгей
1. 20-жаттығу. 31-бет.
Жасалу жолдарын түрліше етіп, хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар. 8 ұпай
2. 29-жаттығу. 40-бет. Өлеңдерді оқып түсінгендеріңді айтыңдар. Өлеңнен бұйрықты сөйлемді тауып, нешінші жаққа қаратып айтылғанын баяндауыш формалары арқылы түсіндіріңдер. 10 ұпай
3. Сұраулы сөйлемдер жайлы айт және сұрақ түрлеріне мысалдар жаз. Сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қойып көшір. Тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндір. 10 ұпай
Мен енді оқушымын, алақай
Қазір қалайсыңдар
Үсен үндемей су жағалап жүгіріп кетіп, бір шақпақ тас тауып әкелді
Жем жеп, бір ішек болып, қамшыдай қатып қалған жануардың сілтеуін көрмейсің бе
-Ата, атқа қоныңыздар- дескен үндер естілді
4. Төмендегі сөйлемдерден бұйрықты сөйлемдерді тауып, жасалу жолын және тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. 10 ұпай
Сіз ертең болыстың кеңсесіне баруыңыз керек.
-Омбыдан әкелген карден шыны аяқтарды шығар сандықтан! Бас қанаттың қалғанын тұтасымен қоярсың!







Тексеруден өт
1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай жасалуын сызбаға түсір. Сызбада олардың жасалу жолы, тыныс белгілерін көрсетіп мысалдармен дәлелде.
2. Тест1. Бұйрықты сөйлемдi көрсетiңiз.
А) Баянауылдың көркi қандай, шiркiн!
B) Ауылға әншiлер келдi
С) Мен шебер болар ма екенмiн?
D) Осы жағдай сенiң есiнде болсын
Е) Көкiрегiнде көзi бар
2. Таныс емес қонақ келсе, ол кiсi - ...
А) сыйлы қонақ
В) құдайы қонақ
С) бас кейiпкер
D) құрметтi ардагер
Е) арнайы қонақ
3. Синтаксис сөздердің . . . . зерттейді.
А) байланысын, сөйлем мүшелері
В) шығу тарихын
С) сөйлеу ерекшелегін
D) сапасын, міндетін
Е) іс - әрекетін, қимылын
4. Синтаксистің салаларын белгілеңіз
А) Сөйлемнің түрлаулы мүшелері
В) Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем
С) Жалғау,жұрнақ
D) Бастауыш, баяндауыш
Е) Салалас құрмалас сөйлемдер
5. Сұраулы сөйлемді табыңыз
А) Ол қаладан кеше қайтты
В) Сен ертең сабаққа барасың ба
С) Оның жасы он жетіге толды
D) Әкесі оны асыға күтті
Е) Іздеген адамы алдынан шықты-ау
6. Лепті сөйлемді табыңыз
А) Кешегіні орындадың ба
В) Аспан шайдай ашық екен
С) Туу, сіз қызық адам екенсіз
D) Бала атасына таңдана қарады
Е) Ол суық сумен жуынды
7. «Ашық» деген сөздің ауыспалы мағынада қолданылып тұрған жерін көрсетіңіз
А) ашық есік
В) ашық терезе
С) ашық мінез
Д) ашық желдеткіш
Е) ашық кітап
8. Бұйрықты сөйлемді көрсет.
А) Жаздыгүні сендер Астанаға барасыңдар
В) Сен ертең ерте тұр, сабаққа кешігіп қаласың!
С) Мұғалім әдетте сабақты қызықты жүргізеді
D) Әрқашан да күн сөнбейді
Е) Сен Түркияда аз ғана уақыт боласың ба?
9. Хабарлы сөйлемді көрсет.
А) Кешке киноға барайық
В) Айжан үйге хат жазсын
С) Мен дүкенге барайын
D) Мені күтпей, театрға жүре беріңіздер
Е) Бүгін таңертең ұшаққа мініп, жоғары көтерілеміз
10. Лепті сөйлемді көрсет.
А) Шіркін, Ақмоншақ! Көркі ғой біздің ауылдың!
В) Ертең табиғатты тамашалауға барайық!
С) Сабаққа кешікпе!
D) Үй жұмысын орындаңыз!
Е) Самат, мені үйге дейін шығарып сал!
11. Лепті сөйлемді тап.
А) Құтты болсын Наурыз-той
В) Наурыз – жылдың басы
С) Наурыз қай сөзден шыққан
D) Наурыз - көктемнің бірінші айы
Е) Көктемде күн жылынады
12. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
.... аудиториямыз жарық әрі таза.
А) Менің
В) Сенің
С) Сіздің
D) Біздің
Е) Олардың
13. Бұйрық райдағы сөзді тап.
А) Сабақта көп жұмыс жаса
В) Үлкендермен санасамыз
С) Бүгін фильм көрсетеді
D) Балалар доппен ойнады
Е) Балықшы балық аулайды
14. Бұйрықты сөйлемді көрсет
А) Жаздыгүні сендер Астанаға барасыңдар
B) Сен ертең ерте тұр!
C) Мұғалім әдетте сабақты қызықты жүргізеді
D) Әрқашан күн сөнбесін!
E) Сен Түркияда аз ғана уақыт боласың ба?
15. Хабарлы сөйлемді көрсет.
А) Кешке киноға барайық
B) Айжан үйге хат жазсын
C) Мен дүкенге барайын
D) Мені күтпей, театрға жүре беріңіздер
E) Бүгін таңертең ұшаққа мініп, жоғары көтерілеміз
16. Лепті сөйлемді көрсет.
А) Шіркін, Ақмоншақ! Көркі ғой біздің ауылдың!
B) Ертең табиғатты тамашалауға барайық!
C) Сабаққа кешікпе!
D) Үй жұмысын орындаңыз!
E) Самат, мені үйге дейін шығарып сал!

ІІІ деңгей
«Арпа-бидай ақ ұным» деген тақырыпта Қазақстандағы астық жинау науқаны жайлы ойтолғау
жаз. Ойтолғауда хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді пайдалан.

Категория: Мұғалімдер

 

«Дарабоз» көшбасшы сайысы

Автор: admin от 31-10-2016, 03:10, посмотрело: 232

0 «Дарабоз» көшбасшы сайысы
Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту; сайыс арқылы оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу; мақал-мәтелдерді меңгерген жүйріктерді анықтау.
Сайыстың шарттары: сайыс бес кезеңнен тұрады.
«Ойлы болсаң, озып көр», «Сөздің көркі-мақал», «Көрермендер көрімдігі», «Ойлан, тап», Анаграмма
Жанры: көшбасшы сайысы
Көрнекілігі: Слайд, кітап көрмесі
Жүргізуші:
Сайыстың барысы:
І кезең: «Ойлы болсаң, озып көр». 2 топқа 4 сұрақтан ұяшықтарда 8 сұрақ жасырылған. Әр ұяшықта белгіленген ұпай саны жазылған.
ІІ кезең :«Сөздің көркі-мақал». Берілген сөздерден мақал-мәтел құрау.
ІІІ кезең: «Көрермендер көрімдігі». Әр топ, қарсылас топтың жанкүйер көрермендеріне 2 жұмбақтан жасырады.
ІҮ кезең: «Ойлан, тап». Экранда берілген 4 ұяшыққа сайыскерлер өздері ұпай тігіп ашады.
Ү кезең: Анаграмма. Адасқан әріптерді орнына қойып, сөз табу.
Сайысты қорытындылау: Жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, сайыскерлер! Қазақ тілінің жанашыры, қазақ тілі мен әдебиетінен өтілген материалдарды терең меңгерген, тілге жүйрік оқушыларды таңдау мақсатында 8 «А», «Б» сыныптарының арасында өткелі отырған «Дарабоз» атты көшбасшы сайсымызға қош келдіңіздер!
8 «А», «Б» сыныптарынан құралған топты ортаға шақырамыз.
Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой осындайда сыналады.
Баға берер әділқаза ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады-деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Оқу ісінің меңгерушісі Садақбаева Р
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділханова Р
3. Биология пәні мұғалімі Нұрбекова С
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен?-деп, сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Ікезең «Ойлы болсаң, озып көр»,
ІІкезең «Сөздің көркі-мақал»,
ІІІ кезең «Көрермендер көрімдігі»,
ІҮ кезең «Ойлан, тап»,
Ү кезең Анаграмма
Сайысымызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сұрақтар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, бейне сұрақтар, адасқан әріптерден құралған тапсырмалар жасырылған.
Экранда берілген тапсырмаларға қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылып отырады.
Әділқазылар алқасы, жауабына қарай бағалап отырыңыздар.
Ікезең «Ойлы болсаң, озып көр»
4 ұяшықтан бөлініп, 8 тапсырма жасырылған
1. Жетек сұрақ және анықтауыш сұрақ қандай жағдайда қойылады?
Жауабы: Жетек сұрақ -негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақ. (кеше кімдер өлең айтты? –қыздар.Ұлдар ше?)
2. Махамбеттің «Тарланым» өлеңі кімге арналған?
Жауабы: Исатайға
3.Лепті сөйлем деген не?
Жауабы: Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем.
4.Өз заманында «Хас Хажып» атағын алған ақын кім?
Жауабы: Баласағұн
5. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
Жауабы: сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздерү
6. Шығармада кейіпкерлердің өзара кезектесе сөлесуі не деп аталады?
Жауабы: Диолог
7. Баяндауыш дегеніміз не?
Жауабы: сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
8.Мыңмен жалғыз алысқан қай ақын?
Жауабы: Абай
ІІкезең «Сөздің көркі-мақал»
Кестедегі сөздерден мақал-мәтел құрастыру.

1. (Талаптыға нұр жауар.)
Оқыған
Талапты Жауар
Білімді
Саналы
2.(Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.)
Құс
Балапан Іледі
Торғай
Үкі
3.(Біреу тойып секіреді, біреу тпңып секіреді.)
Біреу
Екеу Секіреді
Үшеу
Төртеу
4.(Айдағаның –бес ешкі, ысқырығың жер жарар.)
Лақ
Ешкі Ысқырық
Төл
Қой
5.(Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала)
Мәдениет
Ізет Бала
Әдеп
Талғам
6.(Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.)


ІІІ кезең «Көрермендер көрімдігі»
Шарты: әр топ, қарсылас топтың жанкүйер көрермендеріне 2 жұмбақтан жасырады. Тапса, ұпайы қосылады. Таппса, қарсылас топқа ұпайы беріледі.
Әр жұмбақ 10 ұпайдан.
ІҮ кезең «Ойлан, тап»
Экранда берілген 4 ұяшықты сайскерлер ұпай санын өздері тіге отырып ашады. Дұрыс тапса, ұпайы қосылады. Таппаса, тіккен ұпайы алынып тасталады.
1ұяшық.(бейне сұрақ) мектеп кітапханашысы Жаңылай апай
Ә.Кекілбайұлының өмірінен мағлұмат айту.Қандай шығармаларын білесіңдер?
2ұяшық.
Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескінін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды?
Жауабы: портрет
3ұяшық. (бейне сұрақ)
«Еңсеп» Ә.Кекілбайдың қай шығармасындағы кейіпкер?
Жауабы: «Шыңырау» повесті
4ұяшық.
Қазақ тілінде неше жалғаудың түрі бар?
Жауабы. 4
Ү кезең (Анаграмма). Адасқан әріптерді орналастыру
Мірқоекпсақ кемпірқосақ
Киежкөк көкжиек
Бслогу глобус
Тысайкер айтыскер
Рысбақу бауырсақ
Межіңпаз жеңімпаз
Тебәеди әдебиет
Сайысты қорытындылау.
Жеңімпаздарды марапаттау

Категория: Мұғалімдер

 

Төрт амалмен шығарылатын есептер

Автор: admin от 30-10-2016, 23:56, посмотрело: 325

1 Бастауыш сынып мұғалімі : Адилбаева Гуля Шаңбайқызы
Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Жамбыл атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Күздің кереметі» Әдібай Табылды.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың күзгі табиғат туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтарын - астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру.
Дамытушылық: Күзде істелетін жұмыс түрлері мен күздің адамға тигізетін әсерін дәріптеу. Тәрбиелік: Еңбекті, қоршаған ортаны зерттей отырып, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әдібай Табылды портреті,«Күз бейнесі» көрме, тірек сызбалар.
Сабақта қолданатын технология: СТО
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық. Н. Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» өлеңін қойып, Отанға, жерге, елге, сабаққа деген қызығушылығын оятып, шабыттандырамын.
Үй жұмысын тексеру. Қима қағаздардың артында сұрақтар беріледі.
Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысы талданады.
Сұрақтар:
1. Күзді күнгі ауа райы қалай суреттелген? ( Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбырда жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда - санда таңертең салқын болып қояды.)
2. « Жұрт күземін алған дегенді қалай түсінесің? (күздегі қырқылған қойдың жүні. )
3. Шыбын - шіркей неге жоқ болып кетті?
4. Жер бетіндегі шөп - шөңгелердің, ағаштардың көрінісі қандай?
( Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптерде де қурап қалған). Сұрақтарға жауап бергенде күз туралы мәтінге сай сурет құрастырылады. Оқушылар салған суреттерін түсіндіреді. Мәтін мазмұны топтастыру әдісі бойынша қорытындыланады.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
- Балалар, міне біздер маужыраған барқыт күздегі ауыл және күздегі табиғат өзгерістері жайында түсінік алдық. Енді бүгін сіздермен күз кереметтері жайында түсініктер аламыз. Бүгінгі
тақырыбымыз Әдібай Табылдиевтің «Күз кереметі» әңгімесі.
Тақтаменжұмыс
Автор туралытүсінік. ӘдібайТабылды - белгілі педагог, ақын, жазушы, ғалым, Қазақтыңмемлекеттікәл - ФарабиатындағыҰлттықуниверситетінің профессоры ӘдібайТабылды 1926 жылы 2 - қаңтарда Жамбыл облысы, ТұрарРысқұловауданы, Жаңатұрмысауылындадүниегекелген.
Балаларғаарналған «Бөбеккесөз» (1959) аттыжинағынанбастапкөп - тегенөлеңдер мен қысқаәңгімелер, скетчтер, эпиграммаларжинақтарыжарықкөрді. «Алыптардыңалабы», «Бәрекелді», «Кірпі», « Ғажайыпбақ» сияқтыертегі - пьесаларыреспубликалыққуыршақтеатрындақойылды. 2001 жылы «Қазақэтнопедагогикасы» аттыоқулығыүшінЫбырайАлтынсаринатындағыреспубликалықсыйлықтыиеленді. Періштежүрекақынныңтәп - тәттіөлеңдері о бастағытабиғилығынанайнығанемес. Оған «Қайырлытаң, балалар!» аттыжыржинағындағыөздеріңеұсынылыпотырғанөлеңдерікуә.

.
Оқулықпенжұмыс.
А) Мәтіндімәнерлепоқу:(Интерактивтітақтаменбіргееріпоқушылархорменоқыпшығады)- Олайболсабұләңгімекімдертуралы, не жөніндеекенітуралықысқашапроблемалықсұрақтарментиянақтау.
Мұғалімніңқосымшатүсіндірмесі:
- Ендеше, күздегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптағанастық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осыныңбәрікүздеәбденпісіп - жетіледі. Әнеқараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да - бәрі де сап - сары. Сондықтандалалықкүзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз - ет пен май. Малда да аң да, құс та күзгедейінәбденсеміріпболады. Күз - қауыртжұмыстыңкезі. Қылышынсүйретіпкележатқанқысқадайындалатынкез. «Күздіңбіркүніқыстыңбірайынасырайды». Күздеаянбайеңбекетсең, қыстақысылмайсың. Қысқаадам да, аң да, барлықжан - жануарлар да дайындалады. Күздежылқұстарыжылыжаққақайтады, сөйтіполар да қыстанаманшығуғаәрекетжасайды. Күздекүнқысқарып, түнұзарады, жауын - шашынкөбейеді. Міне, сондықтан да күздіңосындайәрбірашықкүнінпайдаланып, мол өнімді тез жиыпалукерек. Балаларатасынақызықтыәңгімесіүшінкөп - көпрахметайтты. Солкүнітүстенкейінжәнеертеңінетүскедейіноларбізгеқауын, қарбызжиюғакөмектесті.
4. Кестенітолтыру:
Білемін? Білгімкеледі? Үйрендім?
5. Ынтымақтастықтаоқыту.
6. Мәтіндісұрақ - жауапарқылыталдау: 1. Әңгіменеліктен« Күздіңкереметі» депаталған?
2. Әңгіменітағықалайатауғаболареді?
3. Әңгімедекүздіңқайкезітуралыайтылған?
4. Мәтіндегі Омар атайқандайжұмысістейтінадам?
5. Мәтіндебақшадаөсетінқандайжемістержөніндеәңгімеленген? 6. Омар атайдыңәңгімесінетыңдаушыларнеліктентаң – тамашаболды?
7.« Күздіңбіркүніқыстыңбірайынасырайды» депнеліктенайтылған?
8. Күздіңсоңғыкезіндеқұстар неге жылыжаққаұшыпкетеді?
9. Күнніңқысқаруы, түнніңұзаруықайкүнненбасталады?
Олайболсабізкүзкереметтерінтереңіректүсінуүшінсабағымыздыәріқарайжалғастырамыз. Әрбіроқушыкөкөністер мен жемістерденөздері - не таңдағандарыңдыалыпәрорталықтарғабөлініпотырамыз.
Әрбіржемістер мен көкөністерсуреттерінеқарайорталықтарғабөлінеді:
І топ оқуорталығы ( қияр, пияз, сәбіз, картоп)
ІІ топ жазуорталығы (,өрік, алма,жүзім, анар)
ІІІ топ математика орталығы ( қарбыз, , қауын,алмұрт, жүгері)
ІУ топ шығармашылықорталығы ( қызанақ, асқабақ, күнбағыс, қызылша)
Орталықтардыңтапсырмасы:
Жазуорталығы.
« Қоңыркүз» тақырыбынамынатірексызбаларарқылышығармажаз:
а) Күзгітабиғат: сарғылттартыпжапырақ, маужырапбарқытқоңыркүз, сап – сарыкілемтөселгенсияқты, шықтамшыларымоншақтай, бұлттар ә) Күзгіеңбек: алмапіскеналбырап, алманыңхошиісі, кемедейкешіп комбайн, күлімқаққанадамдар, күз – қауыртжұмыстыңкөзі.
б) Шығармаңдытөмендегідейаяқтауыңаболады:
1. Күзімізнеткенкөңілді!
2. Күзмезгіліқандайтамаша!
3. Күздегеніміз – байлық, молшылық.
Математика орталығы.
1) Белгібай мен Ысмағұл Омар атайғакөкөністердімашинағатиесті. Олартүскедейін 600 кг, ал түстенкейінодан 2 есеартықтиеді. Олартүстенкейінқаншакөкөністиеді?
2) Әубәкір мен Жағыпаратасынакөмектесугекелді. Әубәкір 50 кг картопжинады. Ал, Жағыпародан 5 кг кем жинады. Екеуібарлығынеше килограмм картопжинады?
3) Омар атайБелгібай, ӘубәкіржәнеЖағыпарғақызанақ, қауын, қарбыз, картопберді. Белгібайкартоп, қызанақ, қарбызалмады. Жағыпарқауын, қызанақ, қарбызалмады. Ал Белгібайболсақауын, қарбыз, картопалмады. Балаларқандайөнімалды?
4) Тал басындаалмұрттанжетеу бар - ды,
Менекеуінжепқойдымнешеуқалды?
( Есепдұрысемес: Себебіалмұрт тал басындаөспейді, алмұртағашыныңбұтақтарындаөседі ).
Жарысқажаңғақжинапқайың "сауып ",
Жасадықкүзгіормандаойын - сауық.
( Қайыңныңсөлікүздеемес, ертекөктемдежиналады).
Шығармашылықорталығы.
Күзтуралыөлең, жұмбақ, мақалқұрастырып, оқып беру.
Қосымшапарақшаменжұмыс.
Берекесінсыйлауға,
Өлкемізге.... келді.
................. жинауға,
Шақырадыбіздерді.
............ қайттыәнсалып,
.......... торладыаспанды.
Қыскеледі жар салып,
Күзгісуықбасталды.
Н. Әлімқұлов Ұштыталдан...........
Сары........... секілді.
Аспандажайшатырлап,
Тамшы........ секірді.
Барынберіпхалыққа,
Жұмыстансоңқалжырап,
........... ұқсайдыалыпқа.
Дамылалғанмаужырап.
М. Әлімбаев.
Сұрбұлттүсісуыққаптайды......,
..... болып, дымқылтұман...... басқан.
Білмеймін..... ма,..... ма,
Жылқыойнап,....... қашқан,........ жарысқан.
А. Құнанбаев.

Сергітусәті. Жұмбақтаршешу.
Қабат – қабат тоны бар,
Бір тон емес оны бар.
Оранғанда он тонға,
Тоңбайтындайжөні бар. ( Пияз ) Жүздегенқозыкөгенде,
Салбыраржаздатөбеңде. ( Жүзім )


Күнкөргендепісемдейді,
Піскенбойдантүсемдейді. ( Алма ) Түймедейқыз,
Түймедейқыздыжылатар. ( Пияз )

Асылболмаса да жасыл.
Қып – қызылқаныасыл.
Қызболмаса да шырайлы,
Өседіжергешұрайлы. ( Қызылша ) Құйрығыжасыл, қызылқораз,
Інгетығылыпұзынқораз. ( Сәбіз )


Жетпісқабатжейдесі,
Тамақбізгекейде осы. ( Орамжапырақ ) Өзііште, шашбауытыста. ( Сәбіз )


Көмгенжалғыз, қазғанда сан қыз. (Картоп ) Бар қаны, жоқжаны. ( Қызылша )

Титтейқазанныңтүбітәтті. ( Жаңғақ )
Жартысынектім, бүтініналдым. ( Картоп )

Ағашбасындақұлыптаулысандық. ( Жаңғақ ) Шырайлықызың, мұрыныұзын. ( Сәбіз )

40 қабатшекпені,
Шешкенжанғаөкпелі.
Соныңбәріншешкенсоң
Көздіңжасынтөккенің. ( Пияз ) Дөп – дөңгелекдоптай,
Ішіқызылшоқтай.
Дәмінтатыпкөрсең,
Одандәмдіжоқтай. ( Қарбыз )



Орталықтардыңжауаптарынтыңдап, олардытолықтыру. Жауапбергенорталықтыңжұмысынабасқаорталықтыңоқушыларынқатыстыру. Басқаорталықтағыоқушыларжаңасабақбойыншаөздерітүсінбегенсұрақтарынқоюғаболады.



Суреттермен жұмыс:








Ой толғаныс.
Жаңатақырыптықорытуүшінөзіндіктапсырма беру.Жеміс-жидектер мен көкөністердің аттарын пайдаланып, сөзжұмбақ құрастыру.










Білімдерінбағалау. Сабақбарысындажауапберілгеноқушыларғакөкөніс пен жемістердіңсуретіналғандарынақарайбағалау.
8-10 данасына - «5». 5-7 данасына - «4». 1-4 данасына - «3»
Сабақтықорытындылау. Рефлексия жасау. Сабақта не ұнады? Не ұнамады?
Қызыл алама- үйретері мол осындай істер қажет;
Сары алма – ұнады, бәрі емес, қызықты;
Көк алма – ұнамайды, қызықсыз.




Категория: Мұғалімдер

 
Назад Вперед