» » Қамқоршылық кеңес хаттамасы

 
 
 

Қамқоршылық кеңес хаттамасы

Автор: admin от 21-11-2018, 03:32, посмотрело: 23

1
Жамбыл облысы Шу ауданы Әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемелекеттік мекемесінің
Қамқоршылық кеңес ,мектеп инспекторының
қатысуымен өткізілген жиналыстың


№3 Хаттамасы

Орны: Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі
Күні: 20.11.2018 жыл сағат: 13.00
Барлығы: 15
Күн тәртібінде:
1. 1- тоқсан есебі
мектеп директоры У.Оспанова
3.Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен заң бұзушылықтың алдын алу»
мектеп инспекторы Б. Жабасбаев
Тыңдалды:
1-Мәселе бойынша мектеп директоры: У.Оспанова
Білім беру ұйымдарында оқыту процесінде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығының негізінде мектеп тәрбиенің 8 бағытымен жұмыс жасайтынын атап өтті.
Әр даталы күн «Алғашқы қоңырау», «Тіл мерекесі», « Ұстаздар күні», «Денсаулық күні», «Қыздар күні», «Қарттар күні» аталып өтілді.Оған ардагер ұстаздар, қамқоршылық кеңес төрайымы ,ата – ана комитеті, ауыл әкімі, ақсақалдар алқасы төрағасы, ардақты аналар мен аталар шақырылады. Мектепте тамыз, қыркүйек айларында «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастырылып, 184 000 теңгеге аз қамтылған отбасы балаларының 26 оқушысына ауыл кәсіпкер азаматтары, мектеп ұжымы демеушілігімен мектеп формасы, спорт киімі,аяқ киім,оқу құралдары алынып берілді. «Қауіпсіз мектеп «акциясы өткізілді. Мақсаты: «Оқушылардың (жол, су,өрт т.б) қауіпсіздігін болдырмау және алдын алу.» Мектептің ер балаларымен «Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деген тақырыпта құқық бұзушылықты болдырмауда мектеп инспекторымен өткізілсе, қыз балалармен «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана» тақырыбында қыз бала тәрбиесі туралы мектеп инспекторы,ауылдық амбулатория мамандарының қатынасуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Тәрбиелік мәні бар мұндай жұмыстар алдағы уақыттада жүргізіле береді.
2-мәселе бойынша мектеп инспекторы: Б.Жабасбаев
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен заң бұзушылықтың
алдын –алу туралы баяндамасында ата – аналарға бала алдындағы міндеттерін дұрыс орындауға шақырды. Ең басты мәселе ол әрине отбасындағы тәрбие, баланың құқық бұзушылыққа барған іс –әрекеті үшін 18 жасқа дейін ата – ана жауапты екенін айтты. Балаға кешкі мезгілде бейсауат көшеде жүрмеуін, көңіл көтеретін орындарға бармауын, жалдамалы жұмыстарға салмауын , ерте жүктілікті болдырмауын,қыз бала тәрбиесіне баса көңіл аудару керек екенін қатаң ескертті.
Шығып сөйлешілер қамқоршылық кеңес төрайымы Кенжебекова Ш
Мектеп директоры мен мектеп инспекторының есебі қанағаттанарлық. Барлық
жұмыстар бірлесіп жүргізілді. Қандай іс – шұара болса ата – аналар, әкелер,
ардагер ұстаздар, құрметті азаматтар шақырылады. Мен мектеп жұмысына
ризамын. Барлық жасалынып жатқан жұмыстар бала тәрбиесіне арналады.
Шешімі:
1.Мектеп директоры мен мектеп инспекторының есебі қанағаттанарлық деп
танылсын
2.Құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алуда ата –ана мен сынып
жетекшінің жауапкершілігі арттырылсын



Қамқоршылық кеңес төрайымы : Ш.Кенжебекова
Хатшы: Б.Көпбаева
Кеңес мүшесі Б.Жабасбаев
Кеңес мүшесі С.Көпбаев
Кеңес мүшесі Т.Жапсарбаев
Кеңес мүшесі М.Шынғожаева
Кеңес мүшесі М.Абдраева
Кеңес мүшесі А.Оспанов
Кеңес мүшесі А.Туғанбаева
Кеңес мүшесі Б.Орманбеков
Қамқоршылық  кеңес хаттамасы
Қамқоршылық  кеңес хаттамасы

Категория: Мектеп, Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *