Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

жаңа жыл 2018 жыл

Автор: admin от 11-01-2018, 01:06, посмотрело: 158

0

Категория: Мектеп дәстүрі, Оқушыларға

 

мұражайда "Рухани жанғыру"

Автор: admin от 8-01-2018, 04:24, посмотрело: 142

0

 

 

Tablica-po-MUzeynym-zanyatiyam-kopiya.rar [163,58 Kb] (cкачиваний: 3)

 

Категория: Мектеп дәстүрі, Оқушыларға

 
 

Тәрбие жұмысының талдауы

Автор: admin от 31-10-2016, 22:15, посмотрело: 3266

0 Тәрбие жұмысының талдауы
Тәрбие жұмысы Білім және Ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №528 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды басшылыққа ала отырып, мектептің тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, бекітілді. Жамбыл атындағы орта мектебінде 2015-2016 оқу жылында «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Оқу жылының басында 2014-2015 ж. атқарған жұмыстарға талдау жасау арқылы жаңа оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
1)Қазақстандық патроитизм және азаматтық, құқықтық тәрбие.
2)Рухани адамгершілік
3) Ұлттық тәрбие
4) Отбасы тәрбиесі
5) Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
6) Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі
7) Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие
8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салты.
Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен «Бала тәрбиесі-баршаның ісі» тақырыбында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.Былтырғы оқу жылында да биылғы оқу жылында да ИДН тізімінде тіркелген бала болған жоқ. Мектепішілік іс – шараға былтыр 92 пайыз қатынасса биыл 97,8 % өсті. Мектеп формасы былтырғы жылмен салыстырғанда 100 % болды. Оқушылардың сабаққа 10 күннен астам келмей қалғаны болған жоқ. Жыл басында даталы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау. 2015 оқу жылында сынып жетекшілерінің тәрбие журналдарына жазылу 48% болса , биылғы оқу жылында 68,5 % жоғарлады. Жаңа технологияны пайдаланып сабақ өткізу біршама жоғарлады.Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі құрметіне «Менің Отаным - Қазақстан» , «Ата Заң Аясында» және «Менің денсаулығым – менің байлығым» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.


Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Қаламы жүйрік дарынды балалар арасында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты өзекті тақырыптарда шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Қазақ тілінің мұғалімі Имаш Лизаттың ұйымдастыруымен «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы» атты тақырыпта мақала байқауы өткізілді., Тілдер пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл достықтың терең тамыры» тақырыбында үш тілде көркем сөз оқу сайысы өткізілді. Кітапханашы Есенәлиева Қалиманың ұйымдастыруымен «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыпта кітап көрмесін өткізсе, бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мәнерлеп оқу», «Тілашар» сияқты іс-шаралар өткізді. «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, Гуманитарлық пәндер әдімстемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен осы онкүндіктің оқушылардың ұлтжандылық қасиеттерін дамытуда берері көп болды. 2014-15 оқу жылында өзге ұлт өкілінен 2 оқушы қатынасса , 2015-16 оқу жылында 4 өзге ұлт өкілі әртүрлі жарыстарға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды. Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, «Бала көсем» ұйымының басшылығымен мектебімізге бекітілген соғыс ардагерлері мен ардагерлердің үйіне барып үй маңын және көше маңын тазалап берді. Қарттар балаларға ризашылығын айтып батасын берді
.



Қазан мен қараша айларында «Табиғат тағдыры адам тағдыры» атты тақырыбында экологиялық акция өтті. Акцияда мектеп ауласы, ауыл іші қоқыстан тазаланды.


2014-15 оқу жылында оқушылардың қоғамдық жұмысқа қатынасуы 80 % болса, 2015-16 оқу жылында 92,6 % көтерілді.Және осы айда «Алтын күз» тақырыбында өткен сайыс үш кезеңде ұйымдастыруымен өтті, бастауыш сыныптар аралығында «Күз сыйы» тақырыбында көрме өтті.
Және осы ай ішінде 6-8 сынып жетекшісі . ұйымдастыруымен « Ұстаз ұлы тұлға» мерекелік сазды бағдарлама өте сәтті өтті. Қараша айында «Алкоголге қарсы күрес» тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл онкүндікте «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Арақ бұл жауыз!» тақырыбында сурет көрмесі, «Жаман әдеттен сақ бол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Желтоқсан айында «Тәуелсіздік « және «Бейбітшілік пен жасампаздық» атты тақырыпта 20 күндік іс-шара өтті.Тарих пәні мұғалімі Бүйенбаева мен Сауранбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты тақырыпта іс-шараның ашылу салтанаты болып өтті. «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» атты тақырыпта сурет көрмесі, «Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында шығарма байқауы өткізіліп облыстан 2 орынды иеленді «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағаттары, «Тағылымы мол -Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесі, 5-9 сыныптар арасында «Ел болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ» атты тақырыпта пікірталас, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, «Көк байрағын көтерген Қазақстан» атты тақырыпта көркем сөз шебері, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» бастауыш сынып арасында концерттік бағдарлама өтті,
және 20 күндік іс-шара «Тәуелсіздік-арманым, сыйымды саған арнадым» атты тақырыпта мерекелік кешпен аяқталды.Қазан айында облыс көлемінде болған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырған салтанатты жиынға біздің мектептің оқушылары « сарбаздар « мен «қара жорға» биін биледі Желтоқсан айында және «СПИД ғасыр дерті» тақырыпта апталық болып өтті. Бұл апталықта ауылдың бас мейірбикесі Ж.Канкуловамен кездесіп ішімдіктің, темекімен нашаның зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді. Желтоқсан айында «Мен Елбасын мақтан тұтам» атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Осы айдың соңында Жаңа жыл мерекесін атап өттік. Бұл мереке 26-27-28-29,30 желтоқсан күндері 2 мезгілде өткізілді. «Әкім шыршасына» 2014-15 оқужылында 2 оқушы барса, 2015-16 оқу жылында 3 оқушы қатынасып, бағалы сыйлықтар алды.
Бастауыш сыныптарда ертеңгілік өткізілсе, ал жоғарғы сыныптарда мерекелік кеш болып өтті. Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. «Ана- алып бәйтерек» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты болып өтті. Және осы айда Наурыз мерекесін атап өттік. Наурыз мерекесіне ауылымыздың 100 ардагер, алтын, күміс алқа иегер аналар шақырылып,
ауылдық округінен қонақтарды шақырып,Қазақ хандығының 550 жылдығына, ҰОС – ның 71 жылдығына орай қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп, көріністер көрсетіп, құдайы тамақ беріліп, ата-аналарымызды марапаттадық. Мектеп директоры А.Ү.Молдашева»Алтын алқа иегері» атанған 5 ананы шақырып, «Ардақтайық ананы» атты дөңгелек үстел өткізіп, арнайы мерекелік дастархан жасалып, марапатталды.Сәуір айының 1-30 аралығында «Біз жолда және тұрмыста қауіпсіздік тәртібін қолдаймыз» атты тақырыпта айлық болып өтті. Бұл айлықта мектеп медбикесі Бөлекбаева Майра жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп алғашқы көмек көрсету тәртібімен балаларды таныстырды, ал мектеп тәлімгері оқушыларды жол тәртібімен таныстырды. Және сәуірдің 9 мен 15 аралығында «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты республикалық марафонына қатысып өз үлесімізді қостық. Бұл марафон бізде мектеп және ауыл көлемінде өтті. Мектептегі жағдайлары шектеулі балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсетілді,9 сынып оқушылары мүмкіндіктері шектеулі балаларға өз көмектерін көрсетіп, оларға оқу құрал саймандарын тапсырды ,концерттік бағдарлама болып өтті. Бұл концерттік бағдарламада оқушылар әр ұлттың киімін киіп тақпақтар оқып, көріністер көсетіп, әр ұлттың салт дәстүрімен таныстырды, соңынан ән айтып би биледі. 9 мамыр Жеңіс күні балаларға ойыншықтар мен тәттілер таратылды, және асфальтта сурет сайысы өтіп жеңімпаз балалар марапатталды.
Және 1 маусым күні Ауыл көлемінде балаларға арнап концерттік бағдарлама өткізілді. 27 сәуір күні мектебіміз аудандық « Махамбет оқуларына» қатынасып, 11 сынып оқушысы Бодаубек Айдана бірінші орынды иеленді 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні үздік оқушылармен лидерлер «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылданды.
2014-15 оқу жылында 54 оқушы қабылданса ,2015-16 оқу жылында 92 оқушы «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» мүшелігіне өтті. Бастауыш сыныптар арасында «Жас жүргіншілер» байқауы ұйымдастырылып, бірінші орынды 4а сыныбы,екінші орынды 3а сыныбы, үшінші орынды 1асыныбы иеленді.АӘД пәні мұғалімі А.Данышбаевтың ұйымдастыруымен «Сапта жүріп ән айту» шеруі болып өтті. Бұл шеруге 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, сапта жүру, ән айту, оңға, солға бұрылу тәртіптері көрсетілді. Сайыс соңында «Үздік командир», «Үздік сапта жүруші», «Үздік ән айту» номинациясымен оқушылар марапатталды.
Мамырдың 25 күні «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті.және барлық сыныпта соңғы сынып сағаттары өтті.
1 маусым күні «Балаларды қоғау» күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыпта концерттік бағдарлама болып өтті. Бағдарламаның соңында м ектеп жанындағы «Балауса» демалыс алаңы ашылды. «Балауса» демалыс бір мезгіл жұмыс істейді. Алаңда2014-15 оқу жылында аз қамтамасыз етілген18 бала , мектеп жанынан 20 бала демеушілікпен бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылса 2015-16 оқу жылында бір мезгілдік ыстық тамақпен 4 оқушы қамтылса, 2015-16 оқу жылында 53 оқушы демеушілікпен қамтылды. Лагерь оқу және ойнау бөлмесімен қамтылған, бөлмелер әрленген. Әр күні таңертеңгілік жаттығумен және рапорт қабылдаумен басталады. 4 -маусым «Қазақстан Республикасының Рәміздері» күні мектеп жанындағы «Балауса» лагерінде «Біздің еліміздің рәміздері» атты концерттік бағдарлама болып өтеді.. Бұл бағдарламада балалар тақпақтар айтып, би билеп, ән айтады.. Сонымен қоса берілген сұрақтарға жауап беріп, Отан тақырыбына мақал-мәтелдер айтылды. Қазақстан Республикасы туралы бейне көрініс көрсетілді. Бейне көріністе мемлекеттің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы айтылды және рәміздердің шығу тарихы, авторлары туралы балаларға мәлімет берілді. Демалыс лагеріндегі балалар бір күндік саяхатқа Шу мен Төле би ауылдарындағы саябаққа, ескерткіштерге саяхатқа барды.
Ауыл көлемінде өтетін әр қоғамдық іс-шарада мектеп оқушылары мен ұстаздар ұйымы белсенділік көрсетті. Мысалы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай « Ауылым алтын бесігім» атты ауыл күніне арналған байқауға қатынастық , Конституция күні, 9- мамыр Жеңіс күні, Қарттар күні және т.б
Мектеп педагогикалық ұжымы жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы жанұяларда тәрбиеленетін балалармен үнемі жұмыс атқарып келеді. Оларды жылдың басында кітаппен, оқу құралдарымен, киіммен қамтамасыз ету мақсатында «Қамқорлық» акциясы өткізілді.
Мектепішілік есепке алынған балаларды жалпыға бірдей оқыту қорынан 2014-15 оқу жылында қыркүйек, желтоқсан айында 11 балаға көмек көрсетілсе, 2015-16 оқу жылында 18 балаға көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саяхатқа жалпыға бірдей оқыту қорының есебінен жіберілді.
Сынып жетекшілердің тынымсыз ізденісінің арқасында мектеп оқушылары аудан, облыс көлеміндегі сайыстарына қатысып,біршама жетістіктерге жетудеміз .ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 11 сынып оқушылары бірнеше жарыстарға қатынасты

Жетістіктер:
Республикалық жарыстар:
«Жас талап» дебат ойынына 9 – сынып оқушысы Аралбек Айғаным
қатынасып дипломмен марапатталды
«Төрлет Наурыз» атты республикалық интернет байқауына 9 –сынып оқушысы Аралбек Айғаным қатынасып дипломмен марапатталды, ,
«Жетістікке жеткен адамның тарихы» тақырыбында 4- сынып оқушысы Жақсылық Дихан республикалық байқауға қатынасып 1 –ші дәрежелі дипломмен марапатталды,
Республикалық «Еңбекші» газетінің 29.03.2016 жылғы №6/12 номеріне 4 – сынып оқушысы Жақсылық Диханның «Астанаға саяхат» атты мақаласы жарияланды,
«Ақберен» республикалық байқауына шығарма жазу байқауына 8 – сынып оқушысы Жақсылық Нұрсана қатынасып ІІ –дәрежелі дипломмен марапатталды,
«Әлемді тербеткен ана» атты интернет байқауына даярлық тобы оқушысы Оңласынова Мариямкүл қатынасып сертификат иеленді, «Қиялдың шарықтауы» атты республикалық байқауға қатынасып сертификат алды
Астана қаласында өткен республикалық «Патриоттық әндер байқауынан»11- сынып оқушысы Бодаубек Айдана мен 9- сынып оқушысы Қалдыбай Рүстем қатынасып дипломмен марапатталды
Облыстық жарыстар:
Жамбыл облысының 8 – жазғы спартакиадасында тоғызқұмалақтан өткізілген жарыста Әлдибай Нұрбол 1- орынды , Сейпен Нұржігіт
І -орын иеленді,
Жамбыл облысының 8- жазғы Спартакиадасында бокстан 11- сынып оқушысы Махантегі Айбек қатынасып 1- орын иеленді
«Ә.Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы» ғылыми жобадан 10 – сынып оқушысы Байбағыс Г ІІ- орын
«Бал арасының пайдасы» ғылыми жобадан Аубакир Разия ІІІ - орын
«Мен зерттеуге үйренемін» 4- сынып оқушысы Аубакир Разия ІІІ – дәрежелі диплом
Аудандық жарыстар:
«Жиырма бірінші ғасыр көшбасшысы»интелектуалды ойынына 10 сынып оқушысы Асанбек Жания қатынасып 2 – ші орын иеленді, «Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Абыз ақын» атты әдеби кешке 11- сынып оқушысы Сағатбек Данагүл мен 8 –сынып оқушысы Жақсылық Нұрдана қатынасып дипломмен марапатталды,
аудандық «Асық ату» ойынына команда қатынасып 2- орынды иеленді,
аудандық «Қыз сыны» байқауына 9 сынып оқушысы Омаржан Тоғжан қатынасып бас жүлдені иеленді
Денсаулық күніне орай «Саламатты өмір нұрлы болашақ» жарысынан мектеп командалық 2- орын
«Экология және балалар» жарысынан 5- сынып оқушылары Әсембек Ақерке ІІІ – орын, Қалдыбай Қарақат ІІ – орын
«Мәңгілік ел» слайд шоу жарысынан 11- сынып оқушысы Талғатбек Ажар І -орын
Шахмат ойынынан Мәлік Нұрлан І орын, Темірбек Әсел І орын
«Еншісін алған, Еркін ел» шығарма байқауынан 10 – сынып оқушысы Асанбек Жания ІІІ – дәрежелі диплом
«Мен ғашықпын Мұқағали жырына» байқауынан 11- сынып оқушысы Бодаубек Айдана І - орын
Сынып жетекшілер Республикалық жарыстарға қатынасты
«Жеңіс күні» Саурықова Сандуғаш
«Мамандығым мақтанышым» Көлбаева Бибигүл
«Наурыз» Дәулетхан Ербол
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» Данышбаев Анаш
«Dance life» Әбдіқасымова Бекзада
«Отаныма игі іс» Әбуева Толқын
«Әлемді тербеткен ана» Омарбекова Сандуғаш
«Жастар , ғылым, техника» Жапсарбаева
«Ұрпақ+» Тоқсанбаева Ақмарал
Әрқашан күн сөнбесін» Омарбекова Гүлшат
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла» Итқұлова Әсем ІІІ- дәрежелі диплом

Аудан көлемінде
Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» атты сынып сағаты байқауы Дәулетхан Ербол 2- орын
«Үздік сынып жетекші» байқауына Нұрланова Клара қатынасып 2- орын
аудан аралық мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Қазақстан халықтары мәдениеті мен салт - дәстүрі» атты командалық байқауға қатынасып бас жүлде иеленді
,аудан көлемінде өткізілген «ДОСААФ- 89 жыл және РОО Отан – 19 жыл» атты әскери патриоттық жарысқа АӘД пәні мұғалімі Данышбаев Анаш қатынасып 2 орын алды,
Аудандық «Секіртпе» ойыны команда бойынша Назарбеков Данияр І - орын алды
Сынып жетекшілер курсынан Итқұлова Әсел мен Мұсатаева Г »Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» Нұрланова Клара «Зорлық – зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбынан өттіМектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ. Болашақта сауатты да , салауатты бала тәрбиелеуде ұстаздар қауымы өз үлестерін қоса береді.

Ұсыныс:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын жандандыру
«Өзін – өзі қол жұмсауды болдырмау және алдын алу» ай сайын тәрбие сағаттарын өткізу
Құқықтық тәрбиені үнемі назарда ұстау
Ұлттық тәрбиеге көңіл бөлу
-«Сымбат» клубы мен «Азамат» клубының жұмысын жандандыру
- Сынып жетекшілерді көптеп сынып жетекшілер семинарына қатынастыру
- Өзін – өзі басқаруды қолға алу
- Апталықтардың сапалы және уақтылы өтуін қадағалау
- Сынып жетекшілер рейтингісін тоқсан сайын шығарып отыру
-Мектепт е заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану және тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану
-Тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда жаңа технологияны игеру
Міне келесі 2016-17 оқу жылында осы кемшіліктермен жұмыс жасалуын және жүзеге асырылуын қадағалау д.т.ж.о. Амренова Гүлнарға жүктелінсін.







Категория: Мектеп дәстүрі

 

Аудандық семинарда іс тәжірибесі таратылды 2015 – 2016 оқу жылы

Автор: admin от 31-10-2016, 11:51, посмотрело: 244

0
1.Сауранбаева Лаура тарих пәні мұғалімі «ҰБТ –ға дайындаудың өзекті мәселелері» УӘЖ бойынша «Абылайхан» Алғыс хат
2.Кусайнова Жумакул Ағылшын тілі пәні мұғалімі «Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйретудің тиімді жолдары» Алғыс хат
3.Абдикасимова Гулпан Қазақ тілі пәні мұғалімі Қазақ тілі пәнінен ҰБТ- ге сапалы дайындау әдістемелері Алғыс хат
4.Имашева Лизат Қазақ тілі пәні мұғалімі Қазақ тілі пәнінен ҰБТ- ге сапалы дайындау әдістемелері Алғыс хат
5.Жунсалиева Мақпал География пәні мұғалімі «География пәнінен зерттеулік оқыту арқылы білім сапасын арттыру»
6.Саурыкова Айгерім География пәні мұғалімі «География пәнінен зерттеулік оқыту арқылы білім сапасын арттыру»
7.Сауранбаева Л.Ж. тарих пәні мұғалімі «Білім сапасын арттырудағы АКТ мен оқыту технологияларының маңызы» Алғыс хат
8.Джумабеков Данияр тарих пәні мұғалімі «Білім сапасын арттырудағы АКТ мен оқыту технологияларының маңызы» Алғыс хат
9.Буенбаева Дина Тарих пәні мұғалімі «Білім сапасын арттырудағы АКТ мен оқыту технологияларының маңызы» Алғыс хат
10.Джумабеков Данияр Тарих пәні мұғалімі «Вдохновение » и внедрение в практику новых-подходов преподования и обучения Грамота
11.Кульбаева Бибигул Орыс тілі пәні мұғалімі «Вдохновение » и внедрение в практику новых-подходов преподования и обучения Грамота
12.Саурикова Айгерім География пәні мұғалімі «Вдохновение » и внедрение в практику новых-подходов преподования и обучения Грамота

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Соңғы қоңырау

Автор: admin от 31-10-2016, 11:35, посмотрело: 517

0 1-жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Ортаға әскери киім киген 3 оқушы шығып, бірі:
- Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! (Ортаға ту әкелінеді).
- Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын! (Мектеп әнұран орындайды).
1-жүргізуші: Мектеп деген ата-анаңдай әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға көмектесетін алтын ұя.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, "мектеп – кеме, білім – теңіз" деп қазақ атам бекер айтпаған ғой. Бүгінде енді қайтып мектеп табалдырығын аттамайтын оқушылар да бар. Олай болса, баршаңызға арналған мектеппен қоштасу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
Шыңдаған тәрбием мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін,
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды, - дей келе, салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры ... беріледі.
2-жүргізуші:
Ортаға 1 және 11 сынып оқушылары шығып, тақпақтар оқиды.
1-оқушы:
Табылған балапан ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.
2-оқушы:
Өнердің мен білмейтін қапталдарын,
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.
3-оқушы:
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
4-оқушы:
Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!
5-оқушы:
Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!
6-оқушы:
Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
(Осы кезде 11 сынып түлектері мен 1 сынып оқушылары алдын ала дайындаған сыйлықтарымен алмасады).

1-жүргізуші:
Биылғы жылы мектебіміздің алған асуы мол. Оның барлығы да озат оқушыларымыз бен талай жүйрікті артта қалдырған спортшыларымыздың арқасы. Олай болса, озаттарымызды марапаттау рәсімін бастаймыз.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. Құттықтау сөз оқу ісінің меңгерушісі .... беріледі. (Озат, дарынды оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталады).
2-жүргізуші: Мектебіміздің ... тобын әсем әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – сынып жетекшісі бапкерлерде.
2-жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты.
Ортада попури биі.
Биі орындалып бітісімен 11 сынып оқушысы 1 сынып оқушысын көтеріп, күміс қоңырауды сыңғырлатып шығады. Артынша мектептің барлық оқу озаты сап түзеп, аты аталып болғанша айналып жүреді.
1-жүргізуші:
11 сынып оқушыларының орындауында соңғы вальс биін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
Былтырғыдан басқаша биыл демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек,
Енді басқа жиын-той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.
Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз ол күн есіңде сақталады,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
Күтпейді тек сыныптың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.
Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп.
Уақыт та емтихан алар,
Ол сын қорқыта алмас.
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал тәуекел деп,
Емтиханда, өмірде жолың болсын.
Мектепті бітіруші тілектер ортаға жиналып, көгершін ұшырады. Ортаға ақ мата төселіп, барлық түлекті мектепке соңғы рет кіргізеді.

1-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін, - дей келе, әрдайым өмірде жолдарың болсын дейміз. Барлығы «Сәт – сапар» деп бірнеше рет бірге қайталап, шығарып салады



1-жүргізуші.-Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар, аяулы ата-аналар!
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау
Қимастық сезім оятып,
Соғылады соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау үндері,
Жаңғыртып кең даланы
Қоштасар кез келгенде
Жүректі тербеп барады.
2-жүргізуші:-Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарыңыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп соңғы қоңырау мерекесіне келді.
1-ж:-Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім деп, атақты жазушы М. Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім жүйесіне байланысты.
2-ж:-Ондай білім беретін білім ордасы-мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат-әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.
1-ж:- Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,
Қорқытпасын мұз, көлі, асқар тауы.
Кірпіш болып қаланып, жеміс берген.
Сіздер үшін айтылады көп арнауы.
1-ж:-Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен.
Мейірімді сезінген.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
Ән: «Ұстазым»
1-ж:- Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Мектеп бітіруші түлектерімізге сөз кезегін береміз.
Қайнар:-Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын
Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Гүлжайна:- Ұстаз! Осы сөзде қанша ұлылық жатыр десеңізші. Сөз маржанын тнрген ақын жазушы да, көк жүзіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас.
Елжан:- Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп.
Құшақ жая алады күнде алдан.
Айзада.-Кейде біздер ерінсек.
Ең жарлыққа берілсек,
Қатаңдау тәртіп қоятын
Қатені ұстаз жоятын.
Ануар:-Кесірге тежеу беретін
Ойынның шексіз өрісі,
Қатаң да әділ төреші
Ұрыспай айтқан ақылын
Ұстазым-қамқор ақылшым.
Бәрі:-Мың алғыс, сізге түлектен!
Мың алғыс отты жүректен!
Ән:
Молдаш:-Сегодня мы уйдём, активисты и просто ребята,
Вам с другими придётся с нуля начинать
Мы собрались, чтоб с вами сердечно простится
И заверить что будем мы вас вспоминать.
Порой вы с нами были строгими
И за ошибки нас ругали.
Вы не довольны были многим
Но всё же многое прощали.
Простите нас, что не всегда
Мы были аккуратны
Усидчивы, покорны и опрятны
Что не всегда запоминали,
Что нам толково объясняли.
Напутственное слово, добрый взгляд,
Победам нашим радовались вместе.
Сегодня каждый скажет из ребят
Жилось нам с вами интересно!
Вы отдаёте всё большой работе,
Вы в детских душах будите мечту,
Спасибо вам, за то что вы живёте
За ваших дел и мыслей красоту.
Сәндігүл:- Өтті бізден балалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез даналық.
Айдос:-Ұсынғаны адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бәрі:- Бақыт, табыс, амандық.
Ән:-
Ақжол:-Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым
Шаттанып шексіз сый алдым.
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің.

Ақұштап:-Мектеппен бүгін қоштаспақ
Қоштаспақ мәңгі сан түлек,
Айтылып жатыр сан тілек.
Егіле берді сан жүрек.
Ерұлан:-Барлығы отыр есіне ап.
Мектепте өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды.
Шерхан:-Мектеп сенсің- адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің – жамандықты күйреткен
Мектеп сенсің- жақсылықты ұран ғып
Мектеп сенсің-мені жұртқа сый еткен.
Райгүл:-Мектеп деген-білім кені, жыр кені.
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені.
Ән:-



(Барлық оқушы сапқа тұрған)
Фанфары.
1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!
2-жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 жылда оң солын таныған жас
1-жүргізуші:
Бастайтын жолға сан тарап
Басталсын көне всалтанат
Дәл осы сәтті біздермен
Тойлайды бар ел шартарап
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен “Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық
1.
2.
....
2-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ,міне
КЕЛГЕН ҚАУЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ
1-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 11-ші жыл түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)
2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі ...............
2- жүргізуші:2007-2008 оқу жылының “Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!
(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)
2-жүргізуші:
Жолдайды мектеп мүдірі
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры ...................... беріледі.
( құттықтау , жетістіктер, ҰБТ–тілек, 1 сынып)
(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)
1-жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
1-жүргізуші: Тілек сөз ...................... беріледі.
2-жүргізуші:
Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.
1-жүргізуші.
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы ................... сөз беріледі
2-жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына деп
Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі ...................... беріледі
1-жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.
(1 сынып сөз сөйлейді)
1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
11 жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Ағалар мен апалар,
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз.
............ аға, мен сіздей, (Әсет)
Спортшы боламын.
Барлық сайысқа қатысып,
Облыстан орын аламын.
Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,
Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.
Білемін мен, ................ аға өмірде,
Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.
............. аға , мен сізді сыйлаймын,
Өзіңізді қоштасуға қимаймын.
Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,
Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.
............. аға, өзі қандай сымбатты,
Ұлы ғой анасының қымбатты.
Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,
Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.
.............. аға,
Қаржыгер болуды армандайсыз,
Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.
Мектеп берген білімнің арқасында,
Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.
Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,
Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.
Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,
Тек биіктен ................. аға көрініңіз.
Тәртіпті де, тіл алғыш,
............ ападай боламын.
Сабақтан себепсіз қалмаймын,
Салт – дәстүрлі сақтаймын.
Өзімнен кішкентайларға,
Мейіріммен қараймын.
................ апа мен сіздей,
Әдепті қыз боламын.
Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,
Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.
Қанат қағып барасыз .................. аға,
Мақсатыңа жете біл армандаған.
Өзі қандай ұқыпты қарашы,
Ақтөбенің ол сүйкімді баласы.
Барлық іске тиянақты қарайды,
Мақтан етем мен ................. ағайды.
1 бала – Сіздерге жалын жүректен,
Айталық достық тілекпен.
Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын !
(Балауса әнін орындайды ......................... )
(1 –ші сынып оқушылары сыйлық береді)
1-жүргізуші:
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
(11 сынып орындарынан бастайды )
(Айнала - әуені 1-3 секунд ойнау)
Түлектер: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.
*********
Алда қиын жол әлі
Алда мақсат,тілектер
Әр кеудеде соғады
Қоңырау үні сыңғырлап
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сыңғырлап
Бөбекті жиды маңына.
********
Әр жыл сайын қарулантын біліммен
Алға дәйім мені бастап өсірдің
Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен
Ардақтысың мектеп-алтын бесігім
********
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің.
********
Балапандай бауыр басқан ұяда,
Бірге өскен мектебіе жан қия ма?
Жолдама алып, болашаққа өзіңнен
********
Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,
Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық
Келді бүгін қоштасатын кезіміз,
Ақтық рет мектеп тойын тойладық.
************
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің
********
Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек
Айтылып жатыр сан тілек
Егіле-берді сан жүрек
Барлығы отыр есіне а,н
Мектепте өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды
*******
Өтті бізден бабалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез-даналық
Ұсынғалы адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс,амандық.
**********
Мейірге толы мектебі
Майқара ашқан құшағын
Балапаның боп мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын
*******
Сенен ыстық алтын ұя таппадым
Зінде өтті балғын бала шақтарым
Қоштасамын қимастықпен мен енді
Бетке алған соң балалақтың бақтарын
*******
Мектебімнің басшысы да тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашан да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды
Өзінізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.
............. “Ен ақылшы директор” номинациясымен марапатталды.
(фанфары ойнайды)
********
Орыс тілі, ағалшын тілі ортақ тіл деп білеміз
Бар ұстазға арналатын жыр егіз
Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп
Ұстаздарым, сізге , айтамыз біз лебіз.
.................... “Ең қамқоршы оқу меңгерушісі” номинациясымен марапатталады.
.......... “Ең парасатты мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнайды)
Түлектер:
Үйретесіз қартадан
Дала,қала жер шарынбарлық бала білсін деп
Бізде қанша ел барын
Еңбегіңіз еленіп
Жүрсін аға,апалар
Қуанышқа кенелтіп
Жүрсін сізді балалар.
......................... “Ең білімді сынып жетекшісі” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
************
Селт етпейтін нық тұлғаң
Шындық мәнін ұқтырған
Түйілгенде қос қабақ
Кімді болсын ықтырған
Түлектерге біздердей
Жол сілтеңіз қашан да
Қалпыңызда тік тұрған.
...................... “Ең байсалды мұғалім” номинациясымен марапатталады
........................ “Ең инабатты мұғалім” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)
**********
Сырттан құр не десек те
Төселдірген есепке
Мына ән-сыйды түлектің
Алғысы деп есепте.
.............. “Ең жан-жақты мұғалім” номинациясымен марапатталады
.................... “Ең сымбатты мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
*********
Білсін деп ана тілінде
Құштар боп өссін білімге
Деп әркез бірге жүресіз
Шәкіртпен бірге күлесіз
Еңбегің жансын әрқашан
Білсінші сізді жер үсті.
................... “Ең әділетті мұғалім” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)
**********
Бізге сіздей ұстаз беріп
Сізге біздей шәкірт берген
Еңбегіңіз біздер үшін
Көрінеді биіктен
Тілейміз ашық аспан, жарық ай
Ұстазым менің ............ ағай
...................... “Ең көңілді мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
Ән “Достарым” орындайтын ............................
(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)
Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі
Түлектер:
Сіздерге бірінші аманат
Жан азығы адамның –ана тілі,
Тек сонымен ашылған дала гүлі.
Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,
Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.
Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Абай, Пушкин жырымен,
Тіл арқылы табысқан.
Тілдің сырын меңгерген,
Тіл білуді жөн көрген.
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген
Ел азаматы болыңдар.
10-сынып оқушысы:
Оқуды терең меңгеріп
Аманатты ақтаймыз
Мектепті үздік бітіріп
әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.
(ФАНФАРЫ )
БІЛІМ КІЛТІН ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ ............. МЕН БІЛІМ КІЛТІН ҚАБЫЛДАП АЛУ ҚҰРМЕТІ 1 СЫНЫПТЫҢ ОҚЫШЫСЫНА БЕРІЛЕДІ:
Түлектер:
Білімнің мына өмірде жеңгені көп
Білім қалар халқымның сенгені боп
Сондықтанда білім кілтін сендерге
Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп
(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд
1-сынып оқушысы:
Ұрпаққа кезенімен білім берген,
Алтын ұя мектеп қой елім сенген.
10 жыл бойы білімменен қанаттанып,
Аттанамыз бізде білім керуенімен
Түлектер:
Мерекеде басты қостық бәріміз
Жарасады әнімізбен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальспен
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.
(Қоштасу әнін қосу,.............. орындайды)
(ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕП ВАЛЬСІНЕ ШАҚЫРАДЫ)
(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын, көгершін ұшыру)
2-жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!
2-жүргізуші:
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
1-жүргізуші:
Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............
мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі
2-жүргізуші:
Күмбірле, қоңырау күмбірле
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
1-жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолыңнан
Көріне біл ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
2-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық
(қол шапалақ, фон “Той” әні)
1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!
2-жүргізуші:
Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!
2-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз
1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.
( Қазақстан әнін қосу

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Қызға қырық үйден тыйым»

Автор: admin от 31-10-2016, 11:34, посмотрело: 219

0 Тақырыбы: «Қызға қырық үйден тыйым»
Мақсаты:Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылыққа баулу,ата – аналарға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттігі туралы ой салу, ортаға ой тастау барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.

Ертеде ата – бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген.Қыр гүліне тән нәзіктік пен батылдық бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушыларымыз шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дегедей әрбір ата - ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар – ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақытта есінен шығармаған.Алайда бүгінгі таңда көптеген ата – аналарға қарап, жағаңды ұстайсың. Қоғамның талқылауына түскен мектеп оқушыларының ерте жүктілікке тап болуы,ұлтымызға жат қылықтар жасауы ешкімді де бейжай қалдырған жоұқ шығар деп ойлаймын
Мына адам жаны түршігерлік бейнетаспаны көріп алайық
«Жанайқайы» тақпақ оқылады
Ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деген екен . «Әке әкелік міндетін атқарып,балаға рухани тәрбие бермесе,ана аналық парызын орындап, мейірімін төкпесе, бала ата – ананың қамқорлығын сезінбесе, үлкендерге құрмет көрсетіп, бата алуды үйренбесе, онда сол отбасының ойраны шықпайды деп кім айта алады?
«Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен» деген екен халық даналығы олай болса біз құрсақтағы баламызға жарық дүниені көрсетпей, бесігімізді тербетпеуге не себеп деп ойлайсыздар. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен,келешегімен кемел болса,мұның мөлдір бастауы қойныны басқан сәбиі емес пе?Бұл сөзіме дәлел «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» бейне клипті көріңіздер.
Міне , қоғамымызға өз қолымыздан келеңсіз жағдай тудырып алдық. Қазір қазақ қыздарының жүріс – тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі мүлде бөлек.Қазіргі жастардың шылым шегуі, арақ ішуі, кешкілік туған күн, дискотейкаға баруы салдарынан қыздар жүкті болып, онан соң жасанды түсік жасатып,аналық құқынан айырылуда.Мәліметтерге сүйенсек жылына 200 мыңдай жасанды түсік жасалып,1643 бала ата – ана қамқорлығынсыз қалады екен.Соның көпшілігі 14 - 15 жастағы қыз балалар. Сол себепті ата – аналар өз балаларыңызға жеңіл қарамаңыздар. Бала тәрбиесінде әсіресе қыз бала тәрбиесіне баса назар аударыңыздар.




Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім – тәрбие арқылы өлшенеді.Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы -әйел адам.Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандағы мақсатым: адамгершілігі мол,әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеу.Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата – аналармен қоян – қолтық араласуды тікелей қажет етеді.»Анасын көріп қызын ал» деген мақал текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады.Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. «Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады» дегендей бүгінгі қазақтың бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы,бойында иманы бар, қазақтың дана аналарына айналса деген тілегім.Сөзімді Елбасының мына сөзімен аяқтаймын «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейдй» деген.пікірімен қорытындылағым келіп отыр.Олай болса қыздарымыз бұрымды шашымен,инабатты мінезімен, кіршіксіз таза арымен әрқашан басқалардан ерекшеленуіне ата – ана, жұртшылық болып ат салысайық.


Категория: Мектеп дәстүрі

 

2015-2016 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістіктері

Автор: admin от 31-10-2016, 11:33, посмотрело: 473

15 Мұғалімдердің жетістіктері (аудандық)


1.Джумабеков Данияр «Үздік дінтану пәнінің мұғалімі» ІІ диплом
2.Волейбол (команда) қыздар І граммота
3. Дыбыс Айгерім психолог «Педагог – психолог – 2016» ІІ Диплом
4. Жамбыл атындағы орта мектебі«Қазақстан халықтары мәдениеті мен салт-дәстүрі» байқауы Бас жүлде Грамота
5. Жамбыл атындағы орта мектебі Назарбеков Данияр Денсаулық күніне орай «Саламатты өмір нұрлы болашақ» ІІ-орын Диплом
6. Жамбыл атындағы орта мектебі Назарбеков Данияр Денсаулық күніне орай «Саламатты өмір нұрлы болашақ» ІІІ-орын Диплом
7. Саурықова Айгерім География«География пәнінен зерттеулік оқыту арқылы білім сапасын арттыру» Алғыс
8. Джунисалиева Мақпал География«География пәнінен зерттеулік оқыту арқылы білім сапасын арттыру» Алғыс
9. Мусатаева Гулжазира Бастауыш сынып«Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасының І-кезеңін жүлдегері» ІІІ-дәрежелі диплом
10. Джумабеков Данияр Тарих«Үздік электронды оқу құралы» І-орын Граммота
11. Джапсарбаева Гулнар Физика«Оқушылардың білім сапасын арттыруға қосқан үлесі мен шығармашылық ізденістері үшін» Мадақтама
12. Сауранбаева Лаура Тарих«Оқушылардың білім сапасын арттыруға қосқан үлесі мен шығармашылық ізденістері үшін» Мадақтама
13. Кенжебекова Гулзат Мектеп алды«Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауы ІІ - орын Диплом
2015 - 2016 оқу жылы (мұғалімдер)



Облыстық жетістіктер

1.Абдикасимова Б.А. хореограф«Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын Тараз қаласында жоғары деңгейде атап өтуге белсенді атсалысқаны үшін» Алғыс хат
2.Сыздықов Е.Ж, Дене шынықтыру«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы тоғызқұмалақ» І орын Диплом
3.Садықов Ж.М. Дене шынықтыру«ҮІІ жазғы спартакиада» Диплом

Республикалық жетістіктер

1.Аймаханбетова Еркеқыз математика« Шын – Олимп» математикалық конкурс ІІ-дәрежелі диплом
2.Аймаханбетова Еркеқыз математика« Шын – Олимп» математикалық конкурс Алғыс
3.Аймаханбетова Еркеқыз математика «Шын – Олимп» математикалық конкурс Куәлік№00026
4.Садыкова Ляйла орыс тілі«Төрлет Наурыз» респ.интернет байқауы Қашықтық Алғыс хат
5.Кульбаева Бибигуль С.жетекші«Мамандығым мақтанышым» Қашықтық Сертификат
6.Молдашева Алтыншаш басшы ретінде«Мамандығым мақтанышым» Қашықтық Алғыс хат
7.Адилбаева Гуля Бастауыш сынып«КИО» Қашықтық Сертификат
8.Адилбаева Гуля Бастауыш сынып«УӘЖ» технологиясы арқылы оқы ту» ғылыми практикалық конференция Алматы қаласы Сертификат
9.Адилбаева Гуля Бастауыш сынып«УӘЖ» педагогикалық технологиясын сабақта қолданып, 2 – сынып математика пәнінен жұмыс дәптерін дайындағаны үшін Алматы қаласы Алғыс хат
10. Адилбаева Гуля Бастауыш сынып«УӘЖ» педагогикалық технологиясының 3-звристикалық деңгейін толық меңгеріп, Тренерлік құзыретке ие болғаны үшін Алматы қаласы Сертификат

Халықаралық жетістіктер (мұғалімдер сырттай)

1.Адилбаева Гуля 4а сынып «ЭМУ - Эрудит 2015» Грамота
2.Мусатаева Гулжазира 2асынып «ЭМУ - Эрудит 2015» Грамота
3.Адилбаева Гуля 4а сынып «ЭМУ - Эрудит 2016» Грамота
4.Адилбаева Гуля 4а сынып «ХІІ –халықаралық олимпиада ғылым негіздері бастауыш сыныпта » Грамота
5.Средней школы им. Жамбыла«ҮІ Ме ждународный олимпиада «GO West» Сертификат
6.Джумабеков Данияр Тарих«ҮІ Ме ждународный олимпиада «GO West» Сертификат
7.Джумабеков Данияр Тарих«Молодежное движение» конкурс Алғыс хат
8.Қалкиева Айзат Бастауыш сынып«ХІІ халықаралық олимпиада ғылым негіздері бастауыш сыныпта» Алғыс
9.Саурыкова Сандуғаш Бастауыш сынып«ХІІ халықаралық олимпиада ғылым негіздері бастауыш сыныпта » Грамота
10.Саурыкова Сандуғаш Бастауыш сынып ХІІ халықаралық олимпиада ғылым негіздері бастауыш сыныпта » Алғыс
11.Мусатаева Глжазира Бастауыш сынып«ХІІ халықаралық олимпиада ғылым негіздері бастауыш сыныпта » Алғыс
12.Мусатаева Глжазира Бастауыш сынып«ХІІ халықаралық олимпиада ғылым негіздері бастауыш сыныпта » Грамота



Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп дәстүрі

Автор: admin от 29-10-2016, 05:28, посмотрело: 350

2 Әкем менің асқар тауым-тірегім
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында “Отбасы бірлігі ” , алимент төлеу ”сияқты бүгінгі күннің басты мәселесін атап көрсеткен еді. Елбасының жолдауын түсіндіру мақсатында Қ.Р. парламент депутаты Оразкүл Асанғазиева Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көктөбе ауылында болған еді. Өзі оқыған мектепке жиналған халықпен кездесіп, ауыл тіршілігімен танысқан. Осы кездесуден кейін Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында мектеп ұжымы “Әкем менің асқар тауым – тірегім” тақырыбында әкелермен дөңгелек үстел өткізді. Оған сайдың тасындай 22 әке, ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар т.б қонақтар қатысты.
Дөңгелек үстел мақсаты: бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру, кешегі әке мен бүгінгі әке тәрбиесінің айырмашылығын салыстырып, өскелең ұрпақ санасына ұғындыру, Әке беделін асқақтату. Іс – шара барысында әкелер “Қарттар үйінің”, “Тастанды балалар үйінің көбеюі, «Алимент төлеу –міндет емес, парыз” тақырыбында ой таластырды.Тұжырымды ой салып, келелі кеңестер де берілді. Көрермендер де, әкелер мен қонақтар да осындай тәрбиелік мәні зор тартымды кештердің жиі ұйымдастырылып, ата – аналардың қатыстырылуын өтініш етті. Кеш барысында “Әкем – әнім”, “Әке туралы ой”, “Әке” әндері мен “Саз отауы ”, Шешен биі, “Жастар” т.б билер орындалып, тақырыптық көріністерде қойылды.Бүгінгі күні әке тәрбиесі әр бала үшін өте қажет.Күйбең тіршіліктің соңынан кетіп, бала тәрбиесі әке назарынан тыс қалғанын түсіндіруде. “Ештен –кеш жақсы ”, демекші, қолға алса, бәрі орнына келер.Осындай игі істер жалғасын таба берсе, үлгілі отбасылардың көбейері сөзсіз.
Лизат Шөптібай қызы
Жамбыл орта мектеп мұғалімі
Шу ауданы Жамбыл облысы




Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед