Мектеп дәстүрі

Автор: admin от 29-10-2016, 05:28, посмотрело: 311

1 Әкем менің асқар тауым-тірегім
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында “Отбасы бірлігі ” , алимент төлеу ”сияқты бүгінгі күннің басты мәселесін атап көрсеткен еді. Елбасының жолдауын түсіндіру мақсатында Қ.Р. парламент депутаты Оразкүл Асанғазиева Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көктөбе ауылында болған еді. Өзі оқыған мектепке жиналған халықпен кездесіп, ауыл тіршілігімен танысқан. Осы кездесуден кейін Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында мектеп ұжымы “Әкем менің асқар тауым – тірегім” тақырыбында әкелермен дөңгелек үстел өткізді. Оған сайдың тасындай 22 әке, ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар т.б қонақтар қатысты.
Дөңгелек үстел мақсаты: бала тәрбиесіндегі әке ролін арттыру, кешегі әке мен бүгінгі әке тәрбиесінің айырмашылығын салыстырып, өскелең ұрпақ санасына ұғындыру, Әке беделін асқақтату. Іс – шара барысында әкелер “Қарттар үйінің”, “Тастанды балалар үйінің көбеюі, «Алимент төлеу –міндет емес, парыз” тақырыбында ой таластырды.Тұжырымды ой салып, келелі кеңестер де берілді. Көрермендер де, әкелер мен қонақтар да осындай тәрбиелік мәні зор тартымды кештердің жиі ұйымдастырылып, ата – аналардың қатыстырылуын өтініш етті. Кеш барысында “Әкем – әнім”, “Әке туралы ой”, “Әке” әндері мен “Саз отауы ”, Шешен биі, “Жастар” т.б билер орындалып, тақырыптық көріністерде қойылды.Бүгінгі күні әке тәрбиесі әр бала үшін өте қажет.Күйбең тіршіліктің соңынан кетіп, бала тәрбиесі әке назарынан тыс қалғанын түсіндіруде. “Ештен –кеш жақсы ”, демекші, қолға алса, бәрі орнына келер.Осындай игі істер жалғасын таба берсе, үлгілі отбасылардың көбейері сөзсіз.
Лизат Шөптібай қызы
Жамбыл орта мектеп мұғалімі
Шу ауданы Жамбыл облысы



Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
13 декабря 2017 00:45

AndrewGaf

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Как отмечать будете?

-------

hazar


Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *