» » Тәрбие жұмысының талдауы

 
 
 

Тәрбие жұмысының талдауы

Автор: admin от 31-10-2016, 22:15, посмотрело: 2913

0 Тәрбие жұмысының талдауы
Тәрбие жұмысы Білім және Ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №528 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды басшылыққа ала отырып, мектептің тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, бекітілді. Жамбыл атындағы орта мектебінде 2015-2016 оқу жылында «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Оқу жылының басында 2014-2015 ж. атқарған жұмыстарға талдау жасау арқылы жаңа оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
1)Қазақстандық патроитизм және азаматтық, құқықтық тәрбие.
2)Рухани адамгершілік
3) Ұлттық тәрбие
4) Отбасы тәрбиесі
5) Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
6) Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі
7) Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие
8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салты.
Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен «Бала тәрбиесі-баршаның ісі» тақырыбында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.Былтырғы оқу жылында да биылғы оқу жылында да ИДН тізімінде тіркелген бала болған жоқ. Мектепішілік іс – шараға былтыр 92 пайыз қатынасса биыл 97,8 % өсті. Мектеп формасы былтырғы жылмен салыстырғанда 100 % болды. Оқушылардың сабаққа 10 күннен астам келмей қалғаны болған жоқ. Жыл басында даталы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау. 2015 оқу жылында сынып жетекшілерінің тәрбие журналдарына жазылу 48% болса , биылғы оқу жылында 68,5 % жоғарлады. Жаңа технологияны пайдаланып сабақ өткізу біршама жоғарлады.Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі құрметіне «Менің Отаным - Қазақстан» , «Ата Заң Аясында» және «Менің денсаулығым – менің байлығым» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.


Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Қаламы жүйрік дарынды балалар арасында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты өзекті тақырыптарда шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Қазақ тілінің мұғалімі Имаш Лизаттың ұйымдастыруымен «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы» атты тақырыпта мақала байқауы өткізілді., Тілдер пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл достықтың терең тамыры» тақырыбында үш тілде көркем сөз оқу сайысы өткізілді. Кітапханашы Есенәлиева Қалиманың ұйымдастыруымен «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыпта кітап көрмесін өткізсе, бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мәнерлеп оқу», «Тілашар» сияқты іс-шаралар өткізді. «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, Гуманитарлық пәндер әдімстемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен осы онкүндіктің оқушылардың ұлтжандылық қасиеттерін дамытуда берері көп болды. 2014-15 оқу жылында өзге ұлт өкілінен 2 оқушы қатынасса , 2015-16 оқу жылында 4 өзге ұлт өкілі әртүрлі жарыстарға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды. Қазан айында өткен «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, «Бала көсем» ұйымының басшылығымен мектебімізге бекітілген соғыс ардагерлері мен ардагерлердің үйіне барып үй маңын және көше маңын тазалап берді. Қарттар балаларға ризашылығын айтып батасын берді
.



Қазан мен қараша айларында «Табиғат тағдыры адам тағдыры» атты тақырыбында экологиялық акция өтті. Акцияда мектеп ауласы, ауыл іші қоқыстан тазаланды.


2014-15 оқу жылында оқушылардың қоғамдық жұмысқа қатынасуы 80 % болса, 2015-16 оқу жылында 92,6 % көтерілді.Және осы айда «Алтын күз» тақырыбында өткен сайыс үш кезеңде ұйымдастыруымен өтті, бастауыш сыныптар аралығында «Күз сыйы» тақырыбында көрме өтті.
Және осы ай ішінде 6-8 сынып жетекшісі . ұйымдастыруымен « Ұстаз ұлы тұлға» мерекелік сазды бағдарлама өте сәтті өтті. Қараша айында «Алкоголге қарсы күрес» тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл онкүндікте «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Арақ бұл жауыз!» тақырыбында сурет көрмесі, «Жаман әдеттен сақ бол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Желтоқсан айында «Тәуелсіздік « және «Бейбітшілік пен жасампаздық» атты тақырыпта 20 күндік іс-шара өтті.Тарих пәні мұғалімі Бүйенбаева мен Сауранбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты тақырыпта іс-шараның ашылу салтанаты болып өтті. «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» атты тақырыпта сурет көрмесі, «Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында шығарма байқауы өткізіліп облыстан 2 орынды иеленді «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағаттары, «Тағылымы мол -Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесі, 5-9 сыныптар арасында «Ел болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ» атты тақырыпта пікірталас, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, «Көк байрағын көтерген Қазақстан» атты тақырыпта көркем сөз шебері, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» бастауыш сынып арасында концерттік бағдарлама өтті,
және 20 күндік іс-шара «Тәуелсіздік-арманым, сыйымды саған арнадым» атты тақырыпта мерекелік кешпен аяқталды.Қазан айында облыс көлемінде болған Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырған салтанатты жиынға біздің мектептің оқушылары « сарбаздар « мен «қара жорға» биін биледі Желтоқсан айында және «СПИД ғасыр дерті» тақырыпта апталық болып өтті. Бұл апталықта ауылдың бас мейірбикесі Ж.Канкуловамен кездесіп ішімдіктің, темекімен нашаның зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді. Желтоқсан айында «Мен Елбасын мақтан тұтам» атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Осы айдың соңында Жаңа жыл мерекесін атап өттік. Бұл мереке 26-27-28-29,30 желтоқсан күндері 2 мезгілде өткізілді. «Әкім шыршасына» 2014-15 оқужылында 2 оқушы барса, 2015-16 оқу жылында 3 оқушы қатынасып, бағалы сыйлықтар алды.
Бастауыш сыныптарда ертеңгілік өткізілсе, ал жоғарғы сыныптарда мерекелік кеш болып өтті. Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. «Ана- алып бәйтерек» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты болып өтті. Және осы айда Наурыз мерекесін атап өттік. Наурыз мерекесіне ауылымыздың 100 ардагер, алтын, күміс алқа иегер аналар шақырылып,
ауылдық округінен қонақтарды шақырып,Қазақ хандығының 550 жылдығына, ҰОС – ның 71 жылдығына орай қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп, көріністер көрсетіп, құдайы тамақ беріліп, ата-аналарымызды марапаттадық. Мектеп директоры А.Ү.Молдашева»Алтын алқа иегері» атанған 5 ананы шақырып, «Ардақтайық ананы» атты дөңгелек үстел өткізіп, арнайы мерекелік дастархан жасалып, марапатталды.Сәуір айының 1-30 аралығында «Біз жолда және тұрмыста қауіпсіздік тәртібін қолдаймыз» атты тақырыпта айлық болып өтті. Бұл айлықта мектеп медбикесі Бөлекбаева Майра жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп алғашқы көмек көрсету тәртібімен балаларды таныстырды, ал мектеп тәлімгері оқушыларды жол тәртібімен таныстырды. Және сәуірдің 9 мен 15 аралығында «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты республикалық марафонына қатысып өз үлесімізді қостық. Бұл марафон бізде мектеп және ауыл көлемінде өтті. Мектептегі жағдайлары шектеулі балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсетілді,9 сынып оқушылары мүмкіндіктері шектеулі балаларға өз көмектерін көрсетіп, оларға оқу құрал саймандарын тапсырды ,концерттік бағдарлама болып өтті. Бұл концерттік бағдарламада оқушылар әр ұлттың киімін киіп тақпақтар оқып, көріністер көсетіп, әр ұлттың салт дәстүрімен таныстырды, соңынан ән айтып би биледі. 9 мамыр Жеңіс күні балаларға ойыншықтар мен тәттілер таратылды, және асфальтта сурет сайысы өтіп жеңімпаз балалар марапатталды.
Және 1 маусым күні Ауыл көлемінде балаларға арнап концерттік бағдарлама өткізілді. 27 сәуір күні мектебіміз аудандық « Махамбет оқуларына» қатынасып, 11 сынып оқушысы Бодаубек Айдана бірінші орынды иеленді 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні үздік оқушылармен лидерлер «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылданды.
2014-15 оқу жылында 54 оқушы қабылданса ,2015-16 оқу жылында 92 оқушы «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» мүшелігіне өтті. Бастауыш сыныптар арасында «Жас жүргіншілер» байқауы ұйымдастырылып, бірінші орынды 4а сыныбы,екінші орынды 3а сыныбы, үшінші орынды 1асыныбы иеленді.АӘД пәні мұғалімі А.Данышбаевтың ұйымдастыруымен «Сапта жүріп ән айту» шеруі болып өтті. Бұл шеруге 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, сапта жүру, ән айту, оңға, солға бұрылу тәртіптері көрсетілді. Сайыс соңында «Үздік командир», «Үздік сапта жүруші», «Үздік ән айту» номинациясымен оқушылар марапатталды.
Мамырдың 25 күні «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті.және барлық сыныпта соңғы сынып сағаттары өтті.
1 маусым күні «Балаларды қоғау» күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыпта концерттік бағдарлама болып өтті. Бағдарламаның соңында м ектеп жанындағы «Балауса» демалыс алаңы ашылды. «Балауса» демалыс бір мезгіл жұмыс істейді. Алаңда2014-15 оқу жылында аз қамтамасыз етілген18 бала , мектеп жанынан 20 бала демеушілікпен бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылса 2015-16 оқу жылында бір мезгілдік ыстық тамақпен 4 оқушы қамтылса, 2015-16 оқу жылында 53 оқушы демеушілікпен қамтылды. Лагерь оқу және ойнау бөлмесімен қамтылған, бөлмелер әрленген. Әр күні таңертеңгілік жаттығумен және рапорт қабылдаумен басталады. 4 -маусым «Қазақстан Республикасының Рәміздері» күні мектеп жанындағы «Балауса» лагерінде «Біздің еліміздің рәміздері» атты концерттік бағдарлама болып өтеді.. Бұл бағдарламада балалар тақпақтар айтып, би билеп, ән айтады.. Сонымен қоса берілген сұрақтарға жауап беріп, Отан тақырыбына мақал-мәтелдер айтылды. Қазақстан Республикасы туралы бейне көрініс көрсетілді. Бейне көріністе мемлекеттің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы айтылды және рәміздердің шығу тарихы, авторлары туралы балаларға мәлімет берілді. Демалыс лагеріндегі балалар бір күндік саяхатқа Шу мен Төле би ауылдарындағы саябаққа, ескерткіштерге саяхатқа барды.
Ауыл көлемінде өтетін әр қоғамдық іс-шарада мектеп оқушылары мен ұстаздар ұйымы белсенділік көрсетті. Мысалы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай « Ауылым алтын бесігім» атты ауыл күніне арналған байқауға қатынастық , Конституция күні, 9- мамыр Жеңіс күні, Қарттар күні және т.б
Мектеп педагогикалық ұжымы жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы жанұяларда тәрбиеленетін балалармен үнемі жұмыс атқарып келеді. Оларды жылдың басында кітаппен, оқу құралдарымен, киіммен қамтамасыз ету мақсатында «Қамқорлық» акциясы өткізілді.
Мектепішілік есепке алынған балаларды жалпыға бірдей оқыту қорынан 2014-15 оқу жылында қыркүйек, желтоқсан айында 11 балаға көмек көрсетілсе, 2015-16 оқу жылында 18 балаға көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саяхатқа жалпыға бірдей оқыту қорының есебінен жіберілді.
Сынып жетекшілердің тынымсыз ізденісінің арқасында мектеп оқушылары аудан, облыс көлеміндегі сайыстарына қатысып,біршама жетістіктерге жетудеміз .ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 11 сынып оқушылары бірнеше жарыстарға қатынасты

Жетістіктер:
Республикалық жарыстар:
«Жас талап» дебат ойынына 9 – сынып оқушысы Аралбек Айғаным
қатынасып дипломмен марапатталды
«Төрлет Наурыз» атты республикалық интернет байқауына 9 –сынып оқушысы Аралбек Айғаным қатынасып дипломмен марапатталды, ,
«Жетістікке жеткен адамның тарихы» тақырыбында 4- сынып оқушысы Жақсылық Дихан республикалық байқауға қатынасып 1 –ші дәрежелі дипломмен марапатталды,
Республикалық «Еңбекші» газетінің 29.03.2016 жылғы №6/12 номеріне 4 – сынып оқушысы Жақсылық Диханның «Астанаға саяхат» атты мақаласы жарияланды,
«Ақберен» республикалық байқауына шығарма жазу байқауына 8 – сынып оқушысы Жақсылық Нұрсана қатынасып ІІ –дәрежелі дипломмен марапатталды,
«Әлемді тербеткен ана» атты интернет байқауына даярлық тобы оқушысы Оңласынова Мариямкүл қатынасып сертификат иеленді, «Қиялдың шарықтауы» атты республикалық байқауға қатынасып сертификат алды
Астана қаласында өткен республикалық «Патриоттық әндер байқауынан»11- сынып оқушысы Бодаубек Айдана мен 9- сынып оқушысы Қалдыбай Рүстем қатынасып дипломмен марапатталды
Облыстық жарыстар:
Жамбыл облысының 8 – жазғы спартакиадасында тоғызқұмалақтан өткізілген жарыста Әлдибай Нұрбол 1- орынды , Сейпен Нұржігіт
І -орын иеленді,
Жамбыл облысының 8- жазғы Спартакиадасында бокстан 11- сынып оқушысы Махантегі Айбек қатынасып 1- орын иеленді
«Ә.Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы» ғылыми жобадан 10 – сынып оқушысы Байбағыс Г ІІ- орын
«Бал арасының пайдасы» ғылыми жобадан Аубакир Разия ІІІ - орын
«Мен зерттеуге үйренемін» 4- сынып оқушысы Аубакир Разия ІІІ – дәрежелі диплом
Аудандық жарыстар:
«Жиырма бірінші ғасыр көшбасшысы»интелектуалды ойынына 10 сынып оқушысы Асанбек Жания қатынасып 2 – ші орын иеленді, «Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Абыз ақын» атты әдеби кешке 11- сынып оқушысы Сағатбек Данагүл мен 8 –сынып оқушысы Жақсылық Нұрдана қатынасып дипломмен марапатталды,
аудандық «Асық ату» ойынына команда қатынасып 2- орынды иеленді,
аудандық «Қыз сыны» байқауына 9 сынып оқушысы Омаржан Тоғжан қатынасып бас жүлдені иеленді
Денсаулық күніне орай «Саламатты өмір нұрлы болашақ» жарысынан мектеп командалық 2- орын
«Экология және балалар» жарысынан 5- сынып оқушылары Әсембек Ақерке ІІІ – орын, Қалдыбай Қарақат ІІ – орын
«Мәңгілік ел» слайд шоу жарысынан 11- сынып оқушысы Талғатбек Ажар І -орын
Шахмат ойынынан Мәлік Нұрлан І орын, Темірбек Әсел І орын
«Еншісін алған, Еркін ел» шығарма байқауынан 10 – сынып оқушысы Асанбек Жания ІІІ – дәрежелі диплом
«Мен ғашықпын Мұқағали жырына» байқауынан 11- сынып оқушысы Бодаубек Айдана І - орын
Сынып жетекшілер Республикалық жарыстарға қатынасты
«Жеңіс күні» Саурықова Сандуғаш
«Мамандығым мақтанышым» Көлбаева Бибигүл
«Наурыз» Дәулетхан Ербол
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» Данышбаев Анаш
«Dance life» Әбдіқасымова Бекзада
«Отаныма игі іс» Әбуева Толқын
«Әлемді тербеткен ана» Омарбекова Сандуғаш
«Жастар , ғылым, техника» Жапсарбаева
«Ұрпақ+» Тоқсанбаева Ақмарал
Әрқашан күн сөнбесін» Омарбекова Гүлшат
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла» Итқұлова Әсем ІІІ- дәрежелі диплом

Аудан көлемінде
Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» атты сынып сағаты байқауы Дәулетхан Ербол 2- орын
«Үздік сынып жетекші» байқауына Нұрланова Клара қатынасып 2- орын
аудан аралық мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Қазақстан халықтары мәдениеті мен салт - дәстүрі» атты командалық байқауға қатынасып бас жүлде иеленді
,аудан көлемінде өткізілген «ДОСААФ- 89 жыл және РОО Отан – 19 жыл» атты әскери патриоттық жарысқа АӘД пәні мұғалімі Данышбаев Анаш қатынасып 2 орын алды,
Аудандық «Секіртпе» ойыны команда бойынша Назарбеков Данияр І - орын алды
Сынып жетекшілер курсынан Итқұлова Әсел мен Мұсатаева Г »Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» Нұрланова Клара «Зорлық – зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбынан өттіМектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ. Болашақта сауатты да , салауатты бала тәрбиелеуде ұстаздар қауымы өз үлестерін қоса береді.

Ұсыныс:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын жандандыру
«Өзін – өзі қол жұмсауды болдырмау және алдын алу» ай сайын тәрбие сағаттарын өткізу
Құқықтық тәрбиені үнемі назарда ұстау
Ұлттық тәрбиеге көңіл бөлу
-«Сымбат» клубы мен «Азамат» клубының жұмысын жандандыру
- Сынып жетекшілерді көптеп сынып жетекшілер семинарына қатынастыру
- Өзін – өзі басқаруды қолға алу
- Апталықтардың сапалы және уақтылы өтуін қадағалау
- Сынып жетекшілер рейтингісін тоқсан сайын шығарып отыру
-Мектепт е заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану және тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану
-Тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда жаңа технологияны игеру
Міне келесі 2016-17 оқу жылында осы кемшіліктермен жұмыс жасалуын және жүзеге асырылуын қадағалау д.т.ж.о. Амренова Гүлнарға жүктелінсін.






Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *