"Тұсау кесу", "Жайлауға саяхат" семинар » Жамбыл атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
шу ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тұсау кесу", "Жайлауға саяхат" семинар
29
ноябрь
2023

"Тұсау кесу", "Жайлауға саяхат" семинар

Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 29 қараша күні Көктөбе ауылы, Жамбыл атындағы орта мектебінің "Ай-Балапан" шағын орталығының базасында "Балаларды қазақ халқының ұлттық, отбасылық құндылықтарына, отаншылдыққа, Отан деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Ортаңғы, ересек топтарының тәрбиешілері А.С.Абдирова, Л.Р.Оразгулова "Тұсау кесу", "Жайлауға саяхат" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде қазақ халқының бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды, ұлттық сананың қалыптасуына тікелей ықпал ететін салт-дәстүріміз, рәміздеріміз, көркем сөз, ойындарымыз, қол еңбегі, ою-өрнектеріміз, шығармашылық өнеріміз, айтыс, би, ән, тағамдарымыз, т.б. арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтті, балаларды Отанын, отбасын, үлкендерді құрметтеуге үйретті.
Әдіскер-психолог Д.Д.Кайрамбаева  ұйымдастырған ойын-тренингтері арқылы педагогтардың  шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын анықтады, көңіл-күйлерін көтерді.
Сахнаға ән мен бимен,  әдемі ұлттық киімдерімен шыққан тәрбиеленушілері семинардың тамаша гүлдері болды.
Семинарға қатысқан шағын орталық, балабақша педагогтары шағын орталықтың жұмысын жоғары бағалады.
Тәжірибесімен бөліскен барлық педагогтар Сертификаттармен марапатталды, семинар нәтижелі өтуіне үлес қосқаны үшін мектеп директоры У.А.Оспановаға Алғыс хат берілді.