30
ноябрь
2023
«Халықаралық зерттеулерде жаратылыстану-математикалық пәндері семинар
2023 жылдың 30 қараша күні Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес Жамбыл атындағы орта мектебінің базасында «Халықаралық зерттеулерде жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша көрсеткіштерге қол жеткізудің тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті. Аталған іс-шараға барлығы 25 педагог қатысты.
Іс-шара барысында аталған мектептің пән мұғалімдері ашық сабақтар, шебер сынып, коучингтер өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.